Усть-Каменогорск
ясно
+22°
  • Усть-Каменогорск
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +18°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +13°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Парамен ұсталғандар айыппұлмен құтылды

2019 жылы 24 жемқор шенеунік темір торға кесілмей, жазасы айыппұлмен шектелді

Облыста сыбайлас жемқорлықпен ұсталған шенеуніктер былтыр 107 миллион теңге айыппұл төлеген. Төлемегенде қайтсін, өйтпегенде түрмеге қамалуы мүмкін еді.

Сот төрағалары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 24 шенеунікке айыппұл түріндегі жазаны тағайындаған. Тек өткен жылы 76 адамға қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша 66 қылмыстық іс қаралды. Оның ішінде 24-і айыппұлмен жазаланды. Мұндай үкімдер бұрын сотталмаған, кінәсін мойындаған, жазасын жеңілдететін және ауырлатпайтын адамдарға қолданылды.

- 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін барлық айыппұлдар төленді. Бұл 107 миллион теңге. Жаза 100 пайызға орындалды, - деді Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков.

Журналистердің "Мұндай көп соманы шенеуніктер қайдан алады?" деген сауалына облыстық сот төрағасы "Туыстарының материалдық көмегі болуы мүмкін" деп жауап қатты.

Сонымен қатар, сот өкілдері егер сыбайлас жемқорлық үшін сотталушы адам заңда белгіленген мерзімде айыппұлды толық көлемде өтемесе, түрмеге тоғытылатынын және бұндай жағдайлардың облыста орын алғанын да айтты.

Следующая →