Усть-Каменогорск
пасмурно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -3°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ескерткіштердің мәселесі ескерусіз қалды

Ұлтымыз тәуелсіздік алып, дербес мемлекеттің азат күндерін кешіп жатыр. Көк туымыз желбіреп, елтаңбамыз жарқырап, әнұранымыз шарықтап тұр. Халық мәңгүрттік қалыптан қазақтық әдет-ғұрыпқа бет бұрды. Өлгеніміз - тірілді, өшкеніміз - жанды

1991 жылдан бері қарай күн көсем аталардың тас мүсіні талқандалып, өзіміздің бабаларға ескерткіштер қойыла бастады. Қазір өлісінің де, тірісінің де - ескерткішіне гүл қоюға мүмкіндік мол. Бірақ... олардың сапасы сын көтермей тұр. Бұл туралы аймақ тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері де уақ-уақ айтуда. Тіпті, бұл туралы шағымды ақсақалдар облыс әкімі Даниал Ахметов пен Өскемен әкімі Жақсылық Омарға да кездесу барысында естіртті.

- Біздің өңірден шыққан Қасым Қайсенов, Оралхан Бөкей сынды жазушылар бар. Оларға арнап тұрғызылған ескерткіштер де бар. Алайда оларды ескерткіш деуге келмес. Ел-елден, жер-жерден келген қонақтар алдына көрсетуге ұят. Соны ауыстыратын уақыт жетті. Тіпті, сол үшін 5 теңгеден жиналсақ та, байқау өткізіп, қоладан әдемі ескерткіш тұрғызайық. Қасым Қайсеновтің ескерткішін ойласам, жүрегім ауырады, обал ғой, бәрінен бұрын батырдың атына обал, - деп Асқар Қабанбай ұсыныс тастады.

Сондай-ақ, сол кездесуде Қайырлы Бақтыбаев есімді қала тұрғыны, зейнеткер де Металлургтер мәдениет сарайының алдында тұрған инженер-металлург, өнертапқыш, техника ғылымының кандидаты, Халық қаһарманы Ахат Күленовтің кеуде мүсінінің жағдайына тоқталды.

- Ескерткіш маңайының бәрі сынып бітті. Ешкім қарамайды. Айналайын-ау, Күленовті білмейтін өңір тұрғыны жоқ шығар. Ескерткішті жөндеу мәселесін біреулерге тапсыру керек қой, - деді ол.

Бұл мәселені мұқият тыңдаған Даниал Ахметов мәселені қала әкімі Жақсылыққа Омарға тапсырды.

Следующая →