Усть-Каменогорск
ясно
+22°
  • Усть-Каменогорск
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +18°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +13°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қалқаман Сарин қалалық мәдениетті басқарады

Әкімі ақынға үміт артқан заман туды. Қала әкімі Жақсылық Омар Арқадан Алтайға келген ақын Қалқаман Саринге Өскемен қалалық мәдениет, ішкі сая-сат, және тілдерді дамыту бөлімінің тізгінін ұстатты

Ол өзінің фейсбук әлеуметтік желісінде "Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту бөлімін басқару міндеті белгілі ақын, "Дарын" мемлекетік жас-
тар сыйлығының лауреаты, Шығыс Қазақстан облысының тумасы Қалқаман Саринге жүктелді", деп жазды.

Ал әлеуметтік желідегі жұрт "Өскемен мәдениеті мәйектенетін болды", "Мәдениеттің тамырына қан жүгіретін болды" деген сияқты жазбаларын жарыса жазып, ақынмен түскен суреттерін қоса жүктеуде.

- Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ақынның жерлестері Өскеменнің маңызды салаларына басшылыққа тағайындалып жатыр, деп ойлап қалдыңыздар ма? Басқаны білмеймін, өз басым есімдері елге кеңінен танымал азаматтардың үлкен ортаны қиып, Арқадан Алтайға ат ауыстырып, "елге қызмет етейік" деп шағын қалаға келіп жатқандарына шын қуанып отырмын, - деп жазды әлеуметтік желіге республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі Азамат Қасым.

Біз де қуанып қалдық. Қандай мақсатпен келсе де, халыққа қызмет етері хақ. Ақын билік тізгінін ұстаса, артынан ерген ел адаспасы анық.

Следующая →