Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Лекция-концерт" көпшілікті тебірентті

Көңіл пернесін басып, жүрек қылын шерткен күй күмбірінде қазақтың мұң мен зары, қуанышы мен қайғысы бар

Сол бір көңіл күй астарындағы сырды халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училишесінің күйшілері қос ішекті домбыраның шанағынан төгілтті. "Күй шежіре – күй мұра" деп аталатын "лекция-концертке" аталмыш оқу орнының оқытушысы Шалқар Рысханұлының шәкірттері қатысты. 

Қаланың әр оқу орнынан жиналған өнерге жақын жастардың құлақ құрышын күймен қандырды. Күйшілер халық күйі "Ноғайлының зары", "нар идірген", "Ақсақ марал", "Ел айырылған", "Кербез Ақжелен" қатарлы көптеген күйлерді тартып, тарихын баяндады. Тыңдарман қауым күй тыңдаумен қатар, күй астарындағы тарихтың сырына да үңілді. Жиналған жұрт "лекия-концерттің" легі осымен тоқтамай, дәстүрлі үрдіске айналса екен деп кетті

Следующая →