Усть-Каменогорск
ясно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +11°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Күйеуін 20 мың долларға сатпақ болды

Шығыс қазақстан облыстқы Жастар театры биылғы маусымды "Vabank" қойылымымен бастады

Көпшіліктің көңілінен шыққан комедияның тақырыбы қазақша "соңғы әрекет" деген мағынаны береді екен.

Иә, бұл қойылым жағажайда жолықтырған өзінен 20 жас үлкен ғашығын, 20 доллорға сатып алмақ болған Айгүлдің ұсынысымен бас-талады. Айгүл ғашығының әйелі Майраға мән-жайды түсіндіру барысында барлық қызық көрініс береді. Қойылымның орта тұсында жарымен өткен мәнсіз ғұмырынан мезі болған Майра күйеуін 20 долларға сатып жіберуге келіседі. Бірақ барлық қызық Сырым атты бас кейіпкердің ақша үшін өз адамгершілігін түсірген сәтінен басталады. Осы тұста Айгүл білмейтін Сырымның сыры ашылады. Ал қойылымның соңғы әректі... Оны театрға барып көріңіз ойлы оқырман. Драматург Михаил Задорновтың мәні терең, мазмұны бай бұл шығармасының жастарға берер тағылымы зор. Комедиялық қойылым көрерменді күлдіре отырып, шындыққа жетелейді. Отбасы құндылығы туралы ой салады.

- Жастар театрына көркемдік жетекші болып келгеніме көп болған жоқ. Қазіргі уақытта театрдың бұрынғы жос-пары бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл қойылымда бір отбасының әрекеті арқылы әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді қозғайды. Отбасы құндылығын қаузайды. Қойылым жастардың отбасы құндылығы туралы ойларын нақтылай түсері анық, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының көркемдік жетекшісі Едіге Қайыртайұлы.

Театр тізгінін жаңа қолға алған Едіге елді әр қойылым алдында құлақтандырып отыру үшін әлеуметтік желімен қарқынды жұмыс жасап жатқандарын айтты. Өзіңізді толғандырған дүниенің түйінін іздесеңіз театрға келіңіз, ағайын!

Следующая →