Усть-Каменогорск
ясно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +22°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жеті ай жалақыларын алмаған

Күршім ауданының халқын соңғы жылдары тазалық мәселесі алаңдатты. Өйткені онда жұмыс істеп тұрған коммуналды кәсіпорын жеткілікті деңгейде шаруасын бітіре алмай жүрген жайы бар

Ауданның әр жерінде шашылып жататын қоқыстарынан бөлек, қыс басталса жолдарды қар басып, омбы қардан аяғыңды алып жүре алмай қаласың. Ал бұл жұмыстарға жауапты ауданда бір ғана - "Комхоз" коммуналды кәсіпорны бар. Белгілі болғандай, кәсіпорынның ішкі былықтары жетіп артылады. Жұмысшылар 7 ай бойы жалақыларынан қағылған. Ал басшылары бұл уақытта ауысып, ауыспалы кезеңнің құрбан-жұмысшылары еңбекпен тапқан адал тиынын ала алмай әлек. Тұрғындардың көптеп түскен шағымдарынан кейін аудан басшылығы бұл мәселені қолға алғандай болған.

- "Комхоз" кәсіпорны қазіргі уақытта баяу жұмыс істеп жатыр. Сондықтан біздің тараптан кәсіпорынды аяқтан тұрғызып, олармен оңалту жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Оның үстіне кәсіпорынның 3 жыл қатарынан салығы төленбеген, толығырақ айтқанда 40 млн теңге берешегі бар. Бұрынғы басшылардың дұрыс жұмыс жүргізбеуінің салдарынан осындай жағдай орын алды, - дейді аудан әкімі Дулат Қажанов.

Штаттың да тым артық, техниканың жеткілікті болмауы да кәсіпорынның алға бастауына кері әсерін тигізген. Алайда қанша айдан бері жалақыларын күтіп жүрген халықтың мұңы ше?

- Қаражатты кеш түсуіне байланысты жұмысшылардың жалақылары кешіктірлді. Сондай-ақ, оңалту шаралары арқылы штат санын қысқарттық. 2 айдың ақшасын бердік. Бұл мәселені прокуратура қадағалап отыр. Кәсіпорын қысқа дайын, көмірлері жеткілікті. 1-2 жылдың ішінде жағдай оңалып, жұмысы жолға қойылады деп ойлаймыз, - деді әкім.


Следующая →