Усть-Каменогорск
пасмурно
-20°
  • Усть-Каменогорск
    -20°
  • Алматы
    -12°
  • Нур-Султан (Астана)
    -20°
  • Актобе
    -13°
  • Форт-Шевченко
    -2°
  • Атырау
    -8°
  • Караганда
    -22°
  • Кокшетау
    -18°
  • Костанай
    -14°
  • Кызылорда
    -9°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -19°
  • Тараз
    -13°
  • Уральск
    -11°
  • Шымкент
    -13°
$
510.08
-4.57
539.61
-4.99
¥
70.21
-0.63
5.15
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығын көп пе әлде субсидия жоқ па?

Өскемендік тасымалдаушылар тағы да жанжалдың ортасында қалды. Былтыр қоғамдық көлік басшылары шығындарымызды өтей алмай жатырмыз деп салық органдары мойнына артқан қосымша қарызды қайтарудан бас тартып дүрліккен болатын

Кімнің салық төлемей, ал кімнің салықты артық төлеттіріп отырғаны сол күйі белгісіз қалып, әйтеуір, тасымалдаушылар қосымша берешектен құтылған еді.

Енді маусым айының аяғына таман Өскемен қаласының ішінде қатынайтын №№25, 25а, 43 және 43а автобус маршруттары "зейнеткерлер мен балаларға арналған жеңілдетілген тарифті алып тастаймыз, шілде айынан бастап 90 теңге етеміз" деп мәлімдеді. Өйткені қала әкімдігі субсидиядан айырғандықтан әрі шығындарын өтей алмай жатқандықтан, тасымалдаушылар осындай қадамға барған.

- Мемлекеттік органдар, заң бойынша, әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялауы тиіс. Алайда Өскемен қалалық әкімдігі бұл міндетін бірнеше жыл болды, әлі орындамай келеді. Субсидия алуға өтініш бергенімізбен, оны қарау мерзімі 14 айдан асып кетті, ал шығын үсті-үстіне көбейіп жатыр. Дизель отыны да 115 теңгеден (2016 жылдан бері) 195 теңгеге дейін өсіп кетті. Соған орай "Бэст Автотранспорт цехі" ЖШС қала маршруттарында жеңілдетілген тарифті өз есебінен қаржыландыруды доғарады, - деп хабарлады компания директоры Елена Рядинских.

Тасымалдаушылар егер әкімдік субсидия бермеген жағдайда, онда жолақысын көбейту туралы ұсыныс айтқан. Алайда қала билігі субсидия беруді де, жолақыны көтеруді де кейінге қалдырған.

- Шығындарымызды өтеу үшін жолақы 90 теңге емес, 110 теңге болуы тиіс болатын. Оны қабылдағанның өзінде біз тек шығындарымызды ғана жаба аламыз, пайда түспейді, - дейді Елена Рядинских.

Жолаушыларды тасымалдау басқармасы орталығы да автопарк иелерінің жеңілдетілген тариф шығындарын өз қалтасынан төлеуге міндетті емес екендігін, мұның бірде-бір келісімшартта жазылмағанын әрі шығынның орнын жергілікті бюджет толтырып беруге міндетті екендігін айтады.

Бұл мәлімдемеден кейін қала әкімдігі де қарап қалмай, аз уақыттың ішінде пікір білдіріп, тасымалдаушылардың тарифті қымбаттатуға хақысы жоқ екендігін ескертті.

- Тасымалдаушылар зейнеткерлерге арналған тарифті көтеру не көтермеу өз еркінде. Алайда Қазақстан Республикасының "Транспорт туралы" Заңына орай, 7-15 жастағы балалардың тарифін көтеруге құқығы жоқ. Ол 50 пайыздық жеңілдік түрінде қалуы тиіс. Бұл жеңілдікті алып тастаған тасымалдаушымен келісімшарт бұзылады әрі оның орнына басқа тасымалдаушы компаниямен шарт жасалатын болады. Қазірдің өзінде өзге тасымалдаушылармен келіссөздер жасалуда, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алайда "Бэст" компаниясынан кейін №5, 12, 17, 33, 39, 42, 53, 67, 71, 351 маршруттардың иесі "Vosca" компаниясы да зейнеткерлер мен оқушылардың жолақысы 90 теңгеге дейін көтерілетінін мәлім етті. Бұл компания да шығынның көбейіп кеткендігін әрі қала билігінің бұған мүлде назар аудармай отырғанын алға тартады. Басқа тасымалдаушылар әлі үнсіз.

Ал "Бэст" компаниясы зейнеткерлер мен балалардың жолақысын 1 шілдеден бастап қымбаттатты. Қазір - 90 теңге.

Следующая →