Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мектептерде жаңа пән оқытылады

Шығыс Қазақстан мектептерінде күзден бастап жаңа пән оқытыла бастамақ. Пәннің атауы - "Кәсіпкерлік негіздері және бизнес"

Облыстық білім басқармасының деректеріне сүйенсек, бұл пәнді тек 10-сынып оқушылары ғана оқиды, яғни, бір жыл ғана беріледі.

- Пәнді оқытудың мақсаты - кәсіпкерлік, бизнес және экономиканың негіздері бойынша оқушыларға базалық білім беру, баланың кәсіпкерлік ойлау жүйесін қалыптастыру, - дейді Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Балаларды кәсіп ашуға үйрететін мұндай пәнді оқушыларға да оқыту керектігін "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы ұсынып отырған көрінеді әрі бұл - міндетті пән емес, таңдаулы пән.

- Пән мемлекеттік жалпы білім беру үлгісіне енгізілген әрі 10-сынып оқушыларының кез келгені аталмыш пәнді таңдап, дәріс ала алады. Бағдарламаға сай, аптасына екі рет оқытылады, барлығы - 68 сағат, - деп хабарлайды кәсіпкерлік палатасы.

Мамандардың айтуынша, ел азаматтарының қаржылық сауаты төмен, соның кесірінен пирамида, желілік бизнес сынды көлеңкелі ұйымдардың құрбанына айналуда. Ал мұның алдын алудың жолы - жастайынан кәсіпкерліктің не екенін үйрету.

Қазіргі уақытта Білім министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірге пәнді жүргізу жоспарын дайындап жатыр. Пәнді қай мұғалім жүргізетіндігі кейін белгілі болмақ.

Следующая →