Өскемен
Қалың бұлтты
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Семей
    -3°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -6°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Ақтау
    +6°
  • Атырау
    +15°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -1°
  • Қостанай
  • Қызылорда
    +10°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
  • Тараз
    +5°
  • Түркістан
    +14°
  • Орал
    +5°
  • Шымкент
    +12°
$
482.33
557.57
¥
70.05
5.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мектептерде жаңа пән оқытылады

Шығыс Қазақстан мектептерінде күзден бастап жаңа пән оқытыла бастамақ. Пәннің атауы - "Кәсіпкерлік негіздері және бизнес"

Облыстық білім басқармасының деректеріне сүйенсек, бұл пәнді тек 10-сынып оқушылары ғана оқиды, яғни, бір жыл ғана беріледі.

- Пәнді оқытудың мақсаты - кәсіпкерлік, бизнес және экономиканың негіздері бойынша оқушыларға базалық білім беру, баланың кәсіпкерлік ойлау жүйесін қалыптастыру, - дейді Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Балаларды кәсіп ашуға үйрететін мұндай пәнді оқушыларға да оқыту керектігін "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы ұсынып отырған көрінеді әрі бұл - міндетті пән емес, таңдаулы пән.

- Пән мемлекеттік жалпы білім беру үлгісіне енгізілген әрі 10-сынып оқушыларының кез келгені аталмыш пәнді таңдап, дәріс ала алады. Бағдарламаға сай, аптасына екі рет оқытылады, барлығы - 68 сағат, - деп хабарлайды кәсіпкерлік палатасы.

Мамандардың айтуынша, ел азаматтарының қаржылық сауаты төмен, соның кесірінен пирамида, желілік бизнес сынды көлеңкелі ұйымдардың құрбанына айналуда. Ал мұның алдын алудың жолы - жастайынан кәсіпкерліктің не екенін үйрету.

Қазіргі уақытта Білім министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірге пәнді жүргізу жоспарын дайындап жатыр. Пәнді қай мұғалім жүргізетіндігі кейін белгілі болмақ.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Жаңа пән Кәсіпкерлік негіздері