Усть-Каменогорск
ясно
+20°
  • Усть-Каменогорск
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +32°
  • Форт-Шевченко
    +29°
  • Атырау
    +28°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +23°
  • Костанай
    +31°
  • Кызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +27°
  • Тараз
    +24°
  • Уральск
    +28°
  • Шымкент
    +27°
$
451.38
-0.39
487.22
+1.25
¥
62.24
-0.04
5.14
+0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жармадағы шаруалар жерінен айырылуы мүмкін

Жарма ауданының бес шаруа қожалығы жерінен айырылып қалуы мүмкін. Бұған жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерінен кеткен қателік себеп болып отыр

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаменті алғаш рет ауылға барып, Әдеп жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Бұл жолы Жарма аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейірхан Наушабаевтың ісі қаралып, тәртіптік жазаға тартылды. Бөлім басшысы жер кодексінің талаптарын орындамай, дөрекі қателіктерге жол берген. Яғни, бес шаруа қожалығының жер телімін жалға алу мерзімінің аяқталғанына қарамастан, олардың жерді қайта жалға алу өтінішін қанағаттандырып, тағы да он жылға жалға беріп жіберген.

Ал заң бойынша, шаруалар бес жылға жалға алған жер телімдерін жалға алу мерзімі аяқталуға 3 ай қалған кезде, жер қатынастары бөліміне келіп, жалға алу уақытын тағы да создыруға өтініш беруі тиіс болатын. Ал олардың кейбірі, тіпті, жалға алу мерзімі бітіп кеткеннен кейін алты айдан соң келіп, өтініш жазған.

- Әрине, шаруалардан да қателік кетіп отыр. Олар заңнан хабарсыз болған соң да кешікті. Алайда жер қатынастары бөлімі мұның алдын алып ерте хабар беруіне болар еді. Кейін өзінен кеткен қателікті жылы жаппақ болып, шаруаларға жер беріп жіберді, - деді Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Игорь Шацкий.

Ал бөлім басшысы Мейірхан Тәуірбекұлы мұның барлығын біле тұра өзге кәсіпкерлердің құқығын таптап, аталмыш бес қожалыққа артықшылық берген. Ол мұны жер комиссиясы отырысында басым дауыспен шешіліп кеткендігін алға тартып отыр.

- Шаруалардың өтінішті кешіктіріп бергені комиссия отырысында айтылды. Бірақ комиссия мүшелері басым дауыспен жер беруге келісті, - деп ақталды бөлім басшысы.

Десе де, бөлім басшысы ретінде көп қателіктерге жол бергендіктен, Әдеп жөніндегі кеңес оны басшы қызметінен алып тастау туралы ұсыныс жасады. Енді оны орнында қалдыру не қалдырмау мәселесін аудандық әкімдік шешетін болады.

Ал бес шаруаның ісі қазір сотқа жөнелтілді. Сот оларды жерінен айыруы мүмкін.

- Жерімізден айырылсақ, қожалықты да жабуға тура келе ме?! Мал-жан не болмақ? - деп жан ұшырды шаруалар.

Алайда Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро басшысы Ерлан Жалмағамбеттің айтуынша, шаруа қожалықтары соттан кейін қайта аукционға қатысып, жер телімдерін алуға мүмкіндігі бар.

Следующая →