Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығысқа сұқтанған аңшылар көп

Қазақстанда осыдан үш жыл бұрын көктемде аң аулауға тыйым салынған еді. Өйткені жануарлардың көбі көктемде төл әкеліп, ұрпақ өрбітеді.

Оның үстіне, соңғы жылдары аша тұяқты аңдар мен құстардың жойылып кетуіне аз-ақ қалғанда үкімет тарапынан дереу шешімдер қабылдау керек болды. Аң атуға ден қойған жандардың да саны өсіп, жабайы аңдарға зор қауіп төне бастады.

Мораторийдің пайдасы мол болды


Алғашында мораторийға себеп болған жыл құстары болатын. Өйткені үйрек, қаз, құр сынды аңшылық құстары көктемде жылы жаққа ұшып келіп, ұя салып, балапан басады. Ал көктемдегі аңшылық жыл құстарын күрт азайтып жіберді. Содан кейін елдің Ауыл шаруашылық министрлігі көктем мезгілінде аң атаулының барлығына тұзақ құрып, мылтық атуға тыйым салып, 2016 жылы мораторий жариялады.

Содан бері үш жылдай уақыт өтті. Айналдырған үш жылдың ішінде аймақтағы аң-құс та өсіп шыға келген екен. Мұны облыстық табиғи ресурс-тар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сүйіншілеп отыр.
- Облыста аңшылық мақсатында ауланатын жануарлардың саны - 36. Оның ішінде құстар да бар. Мораторий жарияланғаннан бері жабайы құстар мен аңдардың көбейіп келе жатқанын байқаудамыз. Аша тұяқтылардың арасында бұлан мен қабанның саны біршама өскен. Мәселен, 2014 жылы аймақта 3023 бұлан саналған болса, 2018 жылға дейін 500-ге жуық бұлан қосылып, 3501 басқа жеткен. Ал 2014 жылы қабанның саны 1375 болса, төрт жылдың ішінде 450-дей қабан қосылды, - дейді басқарма басшысының орынбасары АрманЕсентаев.
Ал төрт жылдың ішінде үйірге 120 марал, 600-дей елік, 70 тауешкі қосылған екен. Құстардың арасында саңырау құр мен шілдің саны айтарлықтай көбейген. Саңырау құрдың саны 850-дей өссе, шілдің саны 16 мыңдай өскен. Ал төрт жылдың ішінде 15 мыңдай құр мен 600-ге жуық қарабауыр қасқалдақ ұядан ұшқан.

Қымбат терілі аңдардың ішінде бұлғынның саны 2200 бас, суырдың саны 6000 басқа дейін көбейген.

Жабайы жануарлардың өсіп-өнуі үшін арнайы биотехникалық амалдар ұйымдастырылады. Қыста қатып қалған суаттардың мұзы ойылып, арнайы науаларға жем-шөп төгіледі. Ал бұл орындардың кейбіріне бейнебақылау камералары орнатылып, су ішіп, жем жеуге келген жануарларды суретке, бейнетаспаға түсіріп, санауға қолданылады. Көктегі құстардың санын білу үшін қорықшылар ұя санын есепке алады. Құстың ұясына, жұмыртқасына қарап оның балапан санын да есептеп шығуға болады. 

Осы тұста мемлекеттік қызметкерлердің жеке кәсіпкерлерге де өкпесі қара қазандай. Өйткені аңшылық шаруашылықтар жабайы жануарлар көп өлкелерді теңгерімге алып, коммерциялық мақсатпен аңшылық ұйымдастырады. Ал атқан, аулаған аңның санын қалпына келтіруге ұмтылмайды.
- Мәселен, балық шаруашылығының өкілдері қарамағына алған өзен-көлге жыл сайын майшабақтар жіберіп, аулаған балық көлемін қалпына келтіріп отырады. Ал аңшылық шаруашылық өкілдерінде мұндай жоқ. Неге олар да өз аумағындағы жануарларға қамқорлық танытпайды? Адам қолымен ауланған аңның орнын табиғат "тірілте" алмайды. Марал мен елікті де, аю мен бұланды да қолдан өсіріп шығаруға болады. Аңның құрып кетуіне де осы аңшылар кінәлі. Осыдан бес жыл бұрын жабайы жануарлардың жойылып бара жатқанына алаңдаған үкімет шара қолданып, биотехникалық амалдарды ұйымдастырып, табиғатқа қамқорлық таныта бастады. Сол кезде "аңы бар аумақтарды қамқорлықтарыңызға алыңыздар" деп аңшылық шаруашылық өкілдеріне ұсыныс жасалған кезде, ешкімі де қолдау танытпады. Ал қазір аң көбейген кезде, шаруашылық құрғысы келетіндер аяқ астынан көбейе бас-тады, - дейді мемлекеттік қызметкер. 

Үш өлкеде қасқыр жойылып кетті

- Жоғарыда аталған сандық көрсеткіштердің барлығы орташа есеппен алынған. Жануарлардың саны одан көп те, аз да болуы мүмкін. Бірақ орташа есеп олардың көбейгенін көрсетіп отыр. Жануарлардың арасында санауға ең қиыны - бұл қасқырлар. Өйткені миграцияға бейім келетін бұл жыртқыш өңірден-өңірге қоныс аударып жүре береді, - дейді Арман Нағашыбайұлы. 

Қазір ауыл тұрғындары түз тағысының көбейіп кеткенін айтып дүрлігуде. Соңғы жиырма-отыз жылда болмаған қасқырдың күрт көбеюіне де миграция ықпал етуі мүмкін. Алайда мемлекеттік инспекторлар аймақтағы жыртқыш аңдардың көлемі бірқалыпты екенін айтады. 
- Тұрғындардан қасқырдың көбейіп кеткені жайлы жыл сайын естиміз. Алайда статистика мүлдем бөлек. Ол қасқырдың күрт көбейіп кеткенін көрсетіп отырған жоқ. Тіпті, еліміздің үш облысында мүлдем қасқыр құрып кетті. Сондай облыстардың бірі - көрші жатқан Павлодар аймағы. Аңды ауып кетті деуге келмейді. Олар қырылып қалды. Яғни, аңшылардың кесірінен жойы-лып кетті. Енді ол аңшылардың біздің аймақтағы қасқырларға көзі түсіп отыр, - деп қайырды Арман Есентаев.

Следующая →