Шығысқа сұқтанған аңшылар көп
Қазақстанда осыдан үш жыл бұрын көктемде аң аулауға тыйым салынған еді. Өйткені жануарлардың көбі көктемде төл әкеліп, ұрпақ өрбітеді. Оның үстіне, соңғы жылдары аша тұяқты аңдар мен құстардың жойылып кетуіне аз-ақ қалғанда үкімет тарапынан дереу шешімдер қабылдау керек болды. Аң атуға ден қойған жандардың да саны өсіп, жабайы аңдарға зор қауіп төне бастады. Мораторийдің пайдасы мол болды Алғашында мораторийға себеп болған жыл құстары болатын. Өйткені үйрек, қаз, құр сынды аңшылық құстары көктемде...