Усть-Каменогорск
облачно
+24°
  • Усть-Каменогорск
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +9°
  • Актобе
    +10°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +5°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әкімдердің кабинеттері тексерілуде

Шығыс Қазақстанда әкімдердің кабинеттері тексеріліп жатыр. Бұған дейін мектеп директорларының кабинеттері тексеріліп, үлкен кабинетте отырған білім ордаларының басшылары орындарын босатқан болатын

Мәселен, тексеріс кезінде кей директорлардың кабинеттері үш бөлмелі пәтерден де кең болып шыққан. Сондай 100 шаршы метрді құрайтын кабинетте отырған директорлардың бірі орнын босатып, оған ІТ-сынып орналастырған. Одан бөлек, қазір облыстық Білім беру басқармасы директорлардың кабинетін бірінші қабатқа түсіру бойынша жұмыстар жасап жатыр.

- Сол сияқты қазір басқарма басшылары мен әкімдердің де кабинеттері тексеріліп жатыр. Негізгі норма бойынша әкім кабинеттерінің ауданы 15 шаршы метрден аспауы керек. Ал қызметкерлердің кабинеті 7,5 шаршы метр болса, жеткілікті, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының м.а. Қайрат Сапарғалиев.

Тексерістің алғашқы нәтижелері де көріне бастады. Әкімдердің алғашқысы болып Семей қаласы басшысының кабинеті ауыстырылуы мүмкін. Семей әкімі мен оның үш орынбасары ғимараттың бүтіндей бір қабатына жайғасып алған екен. Енді басшылар әкімдік ғимаратының екінші қабатын алып жатқан кабинеттерін босатуы тиіс.

- Қазір Семей әкімінің кабинетін орналастыру бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Облыс әкімі де істен хабардар, - дейді Қайрат Нұрғазыұлы.

Сол сынды облыстық басқармалардың бірінің басшысы да кабинетін босатып, оған үш қызметкерін орналастырған. Ал өзі бұрын қызметкерлері отырған кабинетке барып жайғасқан.

Следующая →