Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Әкімдердің кабинеттері тексерілуде

Шығыс Қазақстанда әкімдердің кабинеттері тексеріліп жатыр. Бұған дейін мектеп директорларының кабинеттері тексеріліп, үлкен кабинетте отырған білім ордаларының басшылары орындарын босатқан болатын

Мәселен, тексеріс кезінде кей директорлардың кабинеттері үш бөлмелі пәтерден де кең болып шыққан. Сондай 100 шаршы метрді құрайтын кабинетте отырған директорлардың бірі орнын босатып, оған ІТ-сынып орналастырған. Одан бөлек, қазір облыстық Білім беру басқармасы директорлардың кабинетін бірінші қабатқа түсіру бойынша жұмыстар жасап жатыр.

- Сол сияқты қазір басқарма басшылары мен әкімдердің де кабинеттері тексеріліп жатыр. Негізгі норма бойынша әкім кабинеттерінің ауданы 15 шаршы метрден аспауы керек. Ал қызметкерлердің кабинеті 7,5 шаршы метр болса, жеткілікті, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының м.а. Қайрат Сапарғалиев.

Тексерістің алғашқы нәтижелері де көріне бастады. Әкімдердің алғашқысы болып Семей қаласы басшысының кабинеті ауыстырылуы мүмкін. Семей әкімі мен оның үш орынбасары ғимараттың бүтіндей бір қабатына жайғасып алған екен. Енді басшылар әкімдік ғимаратының екінші қабатын алып жатқан кабинеттерін босатуы тиіс.

- Қазір Семей әкімінің кабинетін орналастыру бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Облыс әкімі де істен хабардар, - дейді Қайрат Нұрғазыұлы.

Сол сынды облыстық басқармалардың бірінің басшысы да кабинетін босатып, оған үш қызметкерін орналастырған. Ал өзі бұрын қызметкерлері отырған кабинетке барып жайғасқан.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Әкім Семей әкімі