Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО оқушыларының Өзбекстанға саяхаттап қайтуына мүмкіндік бар

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Өскемен аймағы өкілдігі 9-10 сынып оқушылары арасында эссе байқауын ұйымдастырып отыр

Ал шығармалары үздік деп танылған 30 оқушы Алматы, Түркістан, Ташкент, Самарқан, Бұқара қалаларына рухани сапарға жіберіледі, деп хабарлайды Устинка Live тілшісі.

Ал Байқауға қатысу үшін оқушылар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің "Ұлы дала төсіндегі Ислам" атты кітабының бір тақырыбы бойынша эссе жазуы тиіс.

- "Ұлы дала төсіндегі Ислам" кітабы барлық аудандық, қалалық мешіттердің кітапханаларына таратылған. Қажетті ақпараттарды мешіттерден алуға болады. Байқауға 9-10 сынып оқушылары қатыса алады. Олар аталған кітаптың ішінен бір тақырып таңдап алып, эссе жазуы тиіс. Шығарманы кәсіби қазылар алқасы бағалап, жүлделі орындарға ие болған 30 оқушы рухани сапарға жіберіледі. Ұлт тарихындағы айырықша маңызға ие орындарға саяхат сапарын ұйымдастыру арқылы жас жеткіншектерге ұлт тарихынан көлемді мағлұмат беру, отаншылдық сезім қалыптастыру – басты мақсатымыз, - дейді Халифа Алтай атындағы облыстық мешіттің наиб-имамы Дәулет қажы Қабидолдин.

Қазіргі уақытта оқушылардың жазған шығармалары қабылданып жатыр. Шығармаларды 1 ақпанға дейін oskemen-2013@mail.ru электронды поштасына жолдауға болады.


Следующая →