Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО оқушыларының Өзбекстанға саяхаттап қайтуына мүмкіндік бар

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Өскемен аймағы өкілдігі 9-10 сынып оқушылары арасында эссе байқауын ұйымдастырып отыр

Ал шығармалары үздік деп танылған 30 оқушы Алматы, Түркістан, Ташкент, Самарқан, Бұқара қалаларына рухани сапарға жіберіледі, деп хабарлайды Устинка Live тілшісі.

Ал Байқауға қатысу үшін оқушылар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің "Ұлы дала төсіндегі Ислам" атты кітабының бір тақырыбы бойынша эссе жазуы тиіс.

- "Ұлы дала төсіндегі Ислам" кітабы барлық аудандық, қалалық мешіттердің кітапханаларына таратылған. Қажетті ақпараттарды мешіттерден алуға болады. Байқауға 9-10 сынып оқушылары қатыса алады. Олар аталған кітаптың ішінен бір тақырып таңдап алып, эссе жазуы тиіс. Шығарманы кәсіби қазылар алқасы бағалап, жүлделі орындарға ие болған 30 оқушы рухани сапарға жіберіледі. Ұлт тарихындағы айырықша маңызға ие орындарға саяхат сапарын ұйымдастыру арқылы жас жеткіншектерге ұлт тарихынан көлемді мағлұмат беру, отаншылдық сезім қалыптастыру – басты мақсатымыз, - дейді Халифа Алтай атындағы облыстық мешіттің наиб-имамы Дәулет қажы Қабидолдин.

Қазіргі уақытта оқушылардың жазған шығармалары қабылданып жатыр. Шығармаларды 1 ақпанға дейін oskemen-2013@mail.ru электронды поштасына жолдауға болады.


Следующая →