ясно
°
$
503.35
-2.36
590.63
-0.80
¥
72.28
-0.23
6.62
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ата-аналарға кеңес керек

Республиканың түкпір-түкпірінде ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында конференциялар өткізіліп жатқаны белгілі

Ал ата-аналар құнды кеңестер берілетін мұндай конференциялардың жиі болғанын қалайды.

"ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол" атты кезекті конференция Өскемен қаласының №47 орта мектебінде өтіп, бұған 3-4-сынып пен 8-9-шы сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Ал бұған дейін 1-сынып пен 10-11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналып кеңес беру конференциялары ұйымдастырылған.

Мектеп директорының айтуынша, ірі көлемде өтіп жатқан мұндай конференциялар ата-аналардың қызығушылығын тудырып отыр.

- Бұған дейін үш конференция ұйымдастырдық. Қазірдің өзінде ата-аналар тарапынан түрлі ұсыныстар түсіп, берілген кеңестердің өте құнды, пайдалы екендігін айтуда. Шараның мақсаты да сол - ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында ата-ана мен мектеп ынтымақтастығын нығайту, - дейді мектеп директоры Раушан Мухтарханова.

Іс-шара барысында ата-аналарға балалардың зиянды ақпараттар мен діни ағымдардан, компьютерге деген тәуелділіктен қорғаудың жолдары жайында кеңестер берілді. Отбасы құндылығын сақтау мен балаға адамгершілік қасиеттерді сіңіру, бала тәрбиесіне ата-ана болып көңіл бөлу жайында ойлар айтылды. Спортқа, үйірмеге беру жайында сөз қозғалды.

Следующая →
Только самое важное в нашем Telegram-канале
Темы: Білім Мектеп Ата-ана Оқушы