Усть-Каменогорск
ясно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +22°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ауылға шетелдік мұғалімдер жіберіледі

Ауыл балаларына ағылшын тілін үйрету үшін аудандарға шет тілін жетік меңгерген еріктілер жіберілуде

Олар екі ай бойы мектеп оқушыларымен қатар ересектерге де ағылшынша сөйлеуді үйретпек.

Жалпы облыс бойынша ауыл-аймаққа 12 ерікті жіберілген екен. Қыркүйек айының төртінші аптасынан бастап аттанған еріктілер қазір мектеп жанында арнайы клубтар ұйымдастырып, оқушылар мен ауыл тұрғындары тегін курсқа жазылып жатыр.

- "Нұр Отан" партиясының "English for Jastar" жобасының басты мақсаты ауыл балаларының ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, - дейді "Нұр Отан" партиясының ШҚО өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.

Ауданға өз еркімен барған жас мамандарға тегін жатар орын мен үш уақыт тамақ, оқу құралдары беріледі. Барып-қайтуы да партия тарапынан.

Одан бөлек, партия өкілдері шетелден екі азаматты алдырып, Зайсан мен Аягөз аудандарындағы мектептерге бір ай сабақ беруге шақырып отыр.

- Шетелдік ұстаздар қазан айының екінші жартысында келуі керек. Қос ауданда бір ай бойы сабақ беріп, кейін 15 күн бойы өңірдің өзге аудандарына жіберілетін болады, - дейді Әнуарбек Мұхтарханұлы.


Следующая →