Өскемен
Бұлтты
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Семей
    -8°
  • Алматы
  • Риддер
    -8°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -18°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -7°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -17°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +4°
  • Түркістан
    +6°
  • Орал
    -23°
  • Шымкент
    +5°
$
494.66
581.87
¥
71.61
6.43
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Устинка

Ауылға шетелдік мұғалімдер жіберіледі

Ауыл балаларына ағылшын тілін үйрету үшін аудандарға шет тілін жетік меңгерген еріктілер жіберілуде

Олар екі ай бойы мектеп оқушыларымен қатар ересектерге де ағылшынша сөйлеуді үйретпек.

Жалпы облыс бойынша ауыл-аймаққа 12 ерікті жіберілген екен. Қыркүйек айының төртінші аптасынан бастап аттанған еріктілер қазір мектеп жанында арнайы клубтар ұйымдастырып, оқушылар мен ауыл тұрғындары тегін курсқа жазылып жатыр.

- "Нұр Отан" партиясының "English for Jastar" жобасының басты мақсаты ауыл балаларының ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, - дейді "Нұр Отан" партиясының ШҚО өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.

Ауданға өз еркімен барған жас мамандарға тегін жатар орын мен үш уақыт тамақ, оқу құралдары беріледі. Барып-қайтуы да партия тарапынан.

Одан бөлек, партия өкілдері шетелден екі азаматты алдырып, Зайсан мен Аягөз аудандарындағы мектептерге бір ай сабақ беруге шақырып отыр.

- Шетелдік ұстаздар қазан айының екінші жартысында келуі керек. Қос ауданда бір ай бойы сабақ беріп, кейін 15 күн бойы өңірдің өзге аудандарына жіберілетін болады, - дейді Әнуарбек Мұхтарханұлы.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: "English for Jastar" "Нұр Отан" Мұғалім