Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жаңа пәтерлер беріледі

Биыл өңірде "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған 431 пәтер пайдалануға дайын тұр, жыл соңына дейін тағы 800-ге жуық пәтер салынып бітп

Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келген "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасының бес әлеуметтік бастамаларының бірі - "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асу жағдайымен танысты.

Аталған бағдарлама бойынша үй салу үшін Өскемен қаласының "Арзан" гипермаркеті маңынан арнайы жер телімі берілген екен. Бұл жерге тоғыз қабатты жеті тұрғын үй салынбақ. Қазіргі таңда оның үшеуі тұрғызылып бітті. Қыркүйектан бастап кезекте тұрған азаматтар баспана ала бастамақ.

- Шығыс Қазақстан облысы - "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру жағынан елде үшінші орында келе жатқан аймақ. Қазір облыста барлығы 38 мың салымшы бар. Егер қатардағы банктер ипотеканы 16-17 пайызбен берсе, бұл бағдарлама арқылы пәтер алған жандар 7 пайызбен төлейді. Егер бұрынғы тұрғын үй бағдарламаларында құйылатын алғашқы жарнаның мөлшері 30-50 пайыз болса, бұл бағдарлама аясында 20 пайыз жарнаның өзі жеткілікті. Инфляцияны ескеретін болсақ, онда азаматтардың ай сайын төлейтін қаржысы жыл өткен сайын азая бермек, - дейді Мәулен Әшімбаев.

Қыркүйекте қоныс тойын тойлағалы отырған кейбір отбасылар астаналық қонақпен кездесіп, жылы лебіздерін білдірді.

- Екі бөлмелі пәтер алғым келіп, түрлі бағдарламаларды қарадым, бірақ олардың қойған талаптарын менің қалтам көтере қоймады. Ал биыл аталған бағдарлама жарық көргенде-ақ онымен жақын таныса бастадым. Шарттары маған ұнады. Банк бір аптаның ішінде өтінішімді мақұлдады. Алғашқы 2 млн теңгеден артық жарнамды құйып, айына 50 мың теңге ақы төлейтіндей етіп кесте жасаттым, - дейді дәрігер Сәуле Аманқұлова.

Следующая →