Усть-Каменогорск
ясно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +6°
  • Кокшетау
    +8°
  • Костанай
    +6°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бордақылауға бұзау сатып алады

Жарма ауданының Бірлік ауылында былтыр үш мың малды бордақылауға арналған алаң ашылған. Қазір мұнда мың жарым бас ірі қара бар

Бордақылау алаңын толтыру үшін тағы да мал керек. 

Ал алаңды ашқан "Сэмбел" ЖШС бордақылайтын малды маңайдағы шаруалардан сатып алып, жемдеп сатпақ. 
- Бұрын Жармадағы ақбас сиырдың бұзаулары мен тайыншаларын басқа облыстың кәсіпкерлері келіп сатып алып, бордақылайтын еді. Енді ірі қараны өзіміз бордақылайтын болдық. Ол үшін бордақылау орнын ашқан кәсіпкер Жарма ауданы мен жақын жатқан Тарбағатай ауданының шаруаларынан бұзау-тайынша сатып алып, алаңға әкеп жемдейді. Кейін сатады, - дейді аудан басшысы Нұрлан Сыдықов.
Бүгінде қазақтың ақбас сиырының отаны саналатын Шалабай ауылында үш мыңға жуық асыл тұқымды ірі қара бар. Ауданның брендіне айналған байыс қойының да саны биыл 30 мыңға жеткен. Ақбас сиырдың бұқасы бір тоннаға дейін таза ет берсе, ұрғашысы жарты тоннадай ет береді екен. Ал байыс қойдың саулығы 80 келіге дейін ет берсе, қошқары 120 келіге дейін тартады. 
Следующая →