Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бордақылауға бұзау сатып алады

Жарма ауданының Бірлік ауылында былтыр үш мың малды бордақылауға арналған алаң ашылған. Қазір мұнда мың жарым бас ірі қара бар

Бордақылау алаңын толтыру үшін тағы да мал керек. 

Ал алаңды ашқан "Сэмбел" ЖШС бордақылайтын малды маңайдағы шаруалардан сатып алып, жемдеп сатпақ. 
- Бұрын Жармадағы ақбас сиырдың бұзаулары мен тайыншаларын басқа облыстың кәсіпкерлері келіп сатып алып, бордақылайтын еді. Енді ірі қараны өзіміз бордақылайтын болдық. Ол үшін бордақылау орнын ашқан кәсіпкер Жарма ауданы мен жақын жатқан Тарбағатай ауданының шаруаларынан бұзау-тайынша сатып алып, алаңға әкеп жемдейді. Кейін сатады, - дейді аудан басшысы Нұрлан Сыдықов.
Бүгінде қазақтың ақбас сиырының отаны саналатын Шалабай ауылында үш мыңға жуық асыл тұқымды ірі қара бар. Ауданның брендіне айналған байыс қойының да саны биыл 30 мыңға жеткен. Ақбас сиырдың бұқасы бір тоннаға дейін таза ет берсе, ұрғашысы жарты тоннадай ет береді екен. Ал байыс қойдың саулығы 80 келіге дейін ет берсе, қошқары 120 келіге дейін тартады. 
Следующая →