Усть-Каменогорск
пасмурно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бақыршық ауылына спорт кешені қажет

Жарма ауданының Қалбатау ауылында Д. Тұрлыханов атындағы ірі спорт кешені бар. Алайда Бақыршық ауылына да спорт-сауықтыру кешені қажет

Аудан әкімінің ойынша, Бақыршық тау-кен байыту кәсіпорнында мыңға жуық жұмысшы вахталық режім бойынша жұмыс істемек. Ал олардың жұмыстан кейінгі уақытта шұғылданар ісі жоқ. Мұндайда спорттың мән-маңызы зор. 
- Сондықтан Бақыршық тау-кен байыту кәсіпорны басшылығымен бірлесе отырып, спорт кешенін салуды ойлап отырмыз. Бұл ойды облыс әкіміне жеткізген болатынбыз. Аймақ басшысы қолдау білдірді, - дейді аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.
Одан бөлек, ауылда мәдениет үйі де жоқ болып шықты. Әкімдіктің ендігі ойы - спорт кешені мен мәдениет мекемесін бір ғимаратқа сыйдырып, бірыңғай орталық ашу. Бұл қос мекеменің қашан салынатындығы белгісіз, тек жоба күйінде жасалып қойылған.   
- Қазіргі уақытта екі мекемені біріктірудің жолдары қарастырылып, жобасы әзірленуде, - дейді аудан басшысы.
Ауданда спорт алаңы жоқ ауылдар бар. Бұл ауылдарға біртіндеп шағын футбол алаңдары салынып, қажеттілік өтеле бастаған. Былтыр Қызылағаш ауылы мен Жарма бекетінде шағын футбол алаңы салынса, биыл Салқынтөбе ауылында салынбақ. 
Следующая →