Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бақыршық ауылына спорт кешені қажет

Жарма ауданының Қалбатау ауылында Д. Тұрлыханов атындағы ірі спорт кешені бар. Алайда Бақыршық ауылына да спорт-сауықтыру кешені қажет

Аудан әкімінің ойынша, Бақыршық тау-кен байыту кәсіпорнында мыңға жуық жұмысшы вахталық режім бойынша жұмыс істемек. Ал олардың жұмыстан кейінгі уақытта шұғылданар ісі жоқ. Мұндайда спорттың мән-маңызы зор. 
- Сондықтан Бақыршық тау-кен байыту кәсіпорны басшылығымен бірлесе отырып, спорт кешенін салуды ойлап отырмыз. Бұл ойды облыс әкіміне жеткізген болатынбыз. Аймақ басшысы қолдау білдірді, - дейді аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.
Одан бөлек, ауылда мәдениет үйі де жоқ болып шықты. Әкімдіктің ендігі ойы - спорт кешені мен мәдениет мекемесін бір ғимаратқа сыйдырып, бірыңғай орталық ашу. Бұл қос мекеменің қашан салынатындығы белгісіз, тек жоба күйінде жасалып қойылған.   
- Қазіргі уақытта екі мекемені біріктірудің жолдары қарастырылып, жобасы әзірленуде, - дейді аудан басшысы.
Ауданда спорт алаңы жоқ ауылдар бар. Бұл ауылдарға біртіндеп шағын футбол алаңдары салынып, қажеттілік өтеле бастаған. Былтыр Қызылағаш ауылы мен Жарма бекетінде шағын футбол алаңы салынса, биыл Салқынтөбе ауылында салынбақ. 
Следующая →