Усть-Каменогорск
пасмурно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде "Алтыншы бекет" фильмінің тұсаукесері өтті

Кеше "Юбилейный" кинотеатрында "Алтыншы бекет" көркем фильмінің тұсаукесері өтті

Ұлттық ұлан жауынгерлерінің ерлігі мен қайсарлығы туралы түсірілген жаңа туынды наурыз айының 15-нен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілетін болады.

Фильм Ұлттық ұланның 2017-2019 жылдарға арналған арнайы имидждік бағдарламасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысы бойынша қазақстандық "АЮ СИНЕМА" кинокомпаниясы және "Хабар" агенттігімен бірлесіп жасалған туынды.

2010 жылғы 22 маусымда Ақтау қаласындағы қатаң тәртіптегі колониядан қашпақ болған 21 жазасын өтеушіге жалғыз өзі төтеп беріп, жанқиярлық ерлік көрсете білген Ұлттық ұлан жауынгері Ербол Отарбаев осынау фильм сюжетінің желісіне арқау болған.

Ерлігі үшін Ербол Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған еді. Бүгінде Ербол Ұлттық ұланның офицері.

- Бұл біздің жауынгерлеріміздің ерліктері мен қайсарлығы туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы жайлы түсірілген тұңғыш фильм. Сол себепті бұл кештің біз үшін маңызы зор. Бұлар бүгінгі күннің батырлары.Сондықтан, фильмнің тұсаукесеріне келгендеріңізге алғысымды бідіремін, - деді Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Талапкер Амриев.

Көркем фильмде басты рөлдерді Санұржан Сүлейменов, Жасұлан Өмірбек, Серік Салқынбаев, Ерболат Тоғызақов, Саят Исембаев, Қажымұқан Калимбетов, Жандос Жұмагұлов, Армат Смайылов, Бауыржан Балғабаев, Гүлнара Байбосынова сынды елімізге танымал актерлар сомдайды. Фильмнің қоюшы режиссері - Серікбол Өтепбергенов.

Осы ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жауынгерлік қызметі туралы "Алтыншы бекет" атты толық метражды көркем фильммен қоса телесериал түсірілгенін атап өту керек.

Следующая →