Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мүгедектерге төленетін жәрдемақы өспек

Жаңа жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақы беру жүйесіне біршама өзгерістер енгізілетіні белгілі

Ал мүгедек жандарға берілетін жәрдемақыға күнкөріс деңгейіне тең қаржы қосылып берілмек. 

Бұған дейін мүгедек жандарға мемлекеттік жәрдемақы мен арнаулы жәрдемақы бөлек-бөлек беріліп келген еді. Ендігі уақытта бұл екі жәрдемақы қосылып, бірге беріледі. Бұл құжат жинау жұмыстарын біршама оңайлатпақ. 

- Мүгедек жандарға берілетін жәрдемақы өседі. Ал ол күнкөріс деңгейіне қарай есептеліп беріледі, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қарасты «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының» директоры Жанат Өмірғалиева.

Нәтижесінде, жалпы аурудағы 1-топтағы мүгедек 43 538 теңге алып жүрген болса, енді ол 54 306 теңге, 2-топтағы мүгедек 43 275 теңге, 3-топтағы мүгедек 29 416 теңге, жұмыс орнында мертіккен 1, 2, 3-топтағы мүгедек жандар да жоғарыда көрсетілген соманы жәрдемақы түрінде алмақ. 

Ал 16 жасқа толмаған мүгедек балалар 32 042 теңге алса, енді олар 39 598 теңге алады, 1-топтағы бала күнінен мүгедектер жәрдемақысы 54 306 теңгеге, 2-топтағылар 44 972 теңгеге, 3-топтағылар 33 941 теңгеге өспек.  
Следующая →