Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қызықтың бәрі қансонарда басталады

Дала кезіп, кең дүниенің пейілін тану үшін саят құратын аңшылар әлі күнге дейін бар

Іргедегі орыс халқының басты әуесі балық аулау болса, қазақ әрқашан мылтығын асынып алып, құрбанын іздеуге аттанады. Бұрынғыдай азын-аулақ олжасымен бүкіл ауылды асырайтын бұл кәсіптің аясы тарылғаны қашан. Қазіргі популяциялардың азаюына байланысты бұл кәсіпке де шектеу қойылды. Бірақ шектеудің шешімі тек бұдан емес-ті... Қазіргі таңда кейбір популяциялар табиғи жаратылысынан мол болғанымен, табиғи тұтынысы тұрғысынан өз заңына қайшы келіп жатады. Міне, сондықтан да, аңшылықтың азын-аулақ мерзімі көрсетілген заң бойынша ашылып жатады.

Негізінен аңшылық кезең жыл көлемінде түрлі жануарларды аулауға рұқсат етеді. Кез келген сәтте дүйім орман мен даланы шулатып, аң аулауға шыға алмасаң да, көрсетілген мерзімде, белгіленген жануарлар түрін аулауға болады. Осы сала төңірегінде оқырмандарымыздың басым көпшілігін қызықтыратын сұрақтар бойынша құзіретті органдардан жауап алған едік.

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы аумағында 54 аңшылық шаруашылықтары бар. Оның ішінде 31 аңшылық шаруашылықтары табиғат пайдаланушыларға бекітілген, ал 23 аңшылық шаруашылығы резервтік қорда.

Өскемен қаласында Инспекцияға белгілі 4 аңшылық дүкендері бар. Инспекция тарапынан аңшылық дүкендеріне тексеріс жүргізілмейді. Сол сияқты аңшылықпен айналасу үшін салық төленбейтінін айта кеткен жөн.

Бірақ құжатсыз аңшылықпен айналысып, заңсыз жабайы жануарлар олжаланса, әкімшілік немесе қылмыстық заңбұзушылық болып табылады.

- Әкімшілік немесе қылмыстық заңбұзушылықтар екендігі заң бұзушының іс-әрекетінен немесе келтірілген залалмен анықталады, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Владимир Шешуков. - Биыл заңсыз аңшылықпен айналысқан 5 факті анықталып, қылмыстық істер қозғалған. Оның ішінде, ағымдағы жылдың 27 ақпанында Тарбағатай ауданында Қызыл кітапқа енгізілген 1 бас арқарды заңсыз олжалау фактісі анықталған.

Аңшылық кезеңінде аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығына сәйкес жабайы жануарларды аулауға рұқсат етілген.

Аңшылыққа еріксіз шығатын кезең де болады. Әсіресе, қар түсіп, қыс қылышын сүйреп келе қалған шақта жабайы аңдар ауыл-ауылды торуылдай бастайды. «Жаным - арымның садағасы, малым - жанымның садағасы» деген ауыл тұрғындары еріксіз мылтық алып, қақпан құра бастайды.

- Аңшылық біреуге - кәсіп, біреуге - ермек, біреуге - қорғаныс дер едім, - дейді Тілек Уалиханов атты ауыл тұрғындарының бірі. - Мезгіл-мезгілімен аң аулауға шығып тұратынымыз болмаса, табиғаттың тірі жанын қыруды ермек ететін ауыл адамы кем де кем. Сондықтан, қараша айында қансонарда аңға бір шығып, мәре-сәре болып қалсаң, артынша артық әуестенбеу қажет. Тек қорадағы малыңды қасқырлар торуылдай бастағанда қырағылық танытуыңа тура келеді. Қасқырлар өз табиғатынан қанішер келеді. Тойғанынша жемтігін жейді де, артынша қалған малды обалды етіп, қырып кетеді. Сондықтан ауыл адамдары жиналып, бұл мәселенің шешімін табуға тырысады. Сол сияқты, ауылдың маңайында өзендер болса, онда қақпандар құру керек. Қасқыр адам иісін 5 шақырым жерден сезеді. Сондықтан адам иісі сақталмайтын жалғыз орынға, яғни, су ішіне қақпан орнатылады.

Аңшының айтуынша, кейде кейбір аңдар құтырып кететін жағдайлар да орын алып тұрады. Мұндайда олар тек үй жануарына емес, адамға да қауіп төндіреді.

Айта кету керек, күзгі және қысқы мерзімде сутышқан, тиiн, жанат тектес ит, қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы), Сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қояндарға аңға шығу кезеңі ашылады. 

Следующая →