Усть-Каменогорск
пасмурно
+24°
  • Усть-Каменогорск
    +24°
  • Алматы
    +25°
  • Нур-Султан (Астана)
    +11°
  • Актобе
    +16°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +14°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +25°
$
441.41
+0.51
477.78
+1.83
¥
61.12
+0.17
4.84
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мектеп формаларына қанша ақша кетеді?

Шығысқазақстандықтар жыл сайын мектеп формаларын сатып алуға 2 млрд теңге жұмсайтын көрінеді

Ал киім-кешектің 90%-ы шетелден келеді. Яғни, он мектеп формасының біреуі ғана облысымызда тігіледі.

Облыста мектеп формаларын тігумен айналысатын 30 тігін өнеркәсібі бар. Ондағы киімдердің бағасы 5000-18000 теңге аралығында. Жергілікті өнеркәсіптің дамуына үлкен мән беретін Кәсіпкерлер палатасы ата-аналардан мектеп формаларын өңіріміздегі тігіншілерден сатып алуға кеңес береді.

- Облыста 658 мектеп бар. Онда 170 мың бала білім алуда. Облыс тұрғындары балаларын мектепке дайындау үшін жыл сайын 2 млрд теңге ақша жұмсайды. Ал ата-аналар болса, мектеп формаларының тек 10%-ын ғана жергілікті тігіншілерден сатып алады. Егер мектеп формаларын жергілікті кәсіпкерлерден сатып алатын болсақ, онда отандық өндіріске зор үлес қосқанымыз болар еді, - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Облыста орналасқан мектептердің жартысынан астамы биыл арнайы киім тіктіріп, оқушыларына бермек. 

Следующая →