Мәжіліс депутатары өздерін таратуды өтінді
Бір үйдің баласындай тату-тәтті жүретін депутаттар бүгін бірауыздан президенттен мәжілісті таратуды сұрады
Фото:
palata.kz
Таң атпай шұғыл брифинг өткізген үш партияның өкілдері мұндай өтініш жасауымызға, әлемдегі дағдарыс себеп деді. Төрт жыл ішінде елімізге елеулі еңбегіміз сіңді деген депутаттар соңғы рет өткізген жалпы отырыстан соң бір-бірімен қимай қоштасты. Тіпті, 40 пайызы зейнет жасына жеткен мәжілісмендер жылы орындарына қайта оралудан дәмеліміз дейді.
Жаңа жылды жақсылап тойлап, тым-тырыс жатқан депутаттар бүгін жалпы отырыс басталмас бұрын шұғыл жиын өткізіп, президенттен мәжілісті таратып, елде кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді өтінді. Сарапшылар көптен бері талқылап жүрген бұл жаңалық көпшілікті елең еткізе қойған жоқ. Дегенмен, парламенттегі үш партия, яғни, «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Коммунистер» атынан өтініш жасағандар дағдарыс кезінде бұл сайлау қаржыны да үнемдеуге септігін тигізеді деп түсіндірді.
Автор: Сәкен Ерасыл