Шарықтаған доллар үкіметтің жоспарына да өзгерістер әкелмек
Ауыздықсыз кеткен АҚШ доллары салдарынан республикалық бюджет қайта қаралмақ. Дереу өзгерту енгізуге әлемде мұнай бағасының арзандап жатқаны себеп
Фото:
365news.biz
Енді Үкімет 3 жылға жоспарланған кіріс-шығысын доллардың жаңа курсымен есептеуі тиіс.
Өйткені, еліміздің басты қаржылық құжаты мұнай баррелі 40 доллар боп тұрғанда есептеліпті. Бірақ, қара алтын қазір 29 долларға түсті. Сарапшылар баға әлі төмендейді деп болжайды. Сәйкесінше, мұнаймен бюджетін жауып отырған Қазақстан үшін бұл алаңдатарлық жағдай. Ал бюджет қайта есептелсе, ауқымды жобаларға бөлінген миллиардттар әжептәуір қысқарады. Министрлер кабинеті келесі аптада экономикалық кеңес өткізіп, қазынадағы ақшаны қайта калькуляторға салмақ. Бұған дейін Универсиада, ЭКСПО-ға бөлінген 70 миллиард теңге қысқартылған еді. Бұл жолы да мемлекеттік мекемелер жаппай үнемге көшірілмек.
Автор: Сәкен Ерасыл