Көлік басқару құқығынан айырылды
Жол жүру ережелерін сақтамаған көлік жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды
Ұлан ауданының № 2 сотымен ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-тармағы (егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) бойынша В.Константиновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, құқықбұзушы көлік құралын басқару кезінде, Жол жүру ережесінің 11.5 т., 2 қосымшаның 1.1 т. бұзған, яғни екі немесе одан көп жолақтар бар жолда қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққан.
Сот қаулысымен В.Константинов құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.