Көп балалы ананы қағып өлтірген зейнеткер жүргізушы
Шымкентте көпбалалы ананы көлікпен қағып өлтіріп, оқиға орнынан ізіс суытқан қылмыскер ұсталды
Фото:
alau.kz
Желтоқсан айының соңында Бақыткүл Әбдиеваны жүргіншілер жолағында опат қылған адам 78 жастағы зейнеткер болып шықты. Ол полицияға өзі келіпті.
«Нексианың» соққысынан 32 жастағы келіншек 18 метрге дейін ұшып кеткен. Базарда нан сатып, 5 баласын асырап жүрген әйел ауруханада бір күннен соң жан тапсырды. Кінәліні жан-жақта орнатылған не бейнекамералар арқылы таппай, не куәгерлерді анықтай алмаған полицейлерге бірнеше күннен кейін 78 жастағы ақсақалдың өзі келіп, кінәсін мойындапты.
Ал кешігу себебін сырқаттанып қалғандығымен түсіндірген. Қазір 2 бап бойынша тергеу жүріп жатыр. Қария ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілген.
Автор: Сәкен Ерасыл
Следующая →