Семейде ерекше көрме өтіп жатыр
Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде ерекше көрме өтіп жатыр Көрменің ерекшелігі - суретші Виктор Шмидт туындыларында пандемия кезіндегі жағдайды барынша шынайы бейнелеуге тырысқан. - Елдегі індет қылқалам шеберлерінің де назарынан тыс қалмады. Яғни, суретші карантин кезіндегі жағдайды қылқаламымен бейнелеген туындыларын жұрт назарына ұсынып отыр, - дейді музей директорының орынбасары Гүлнәр Бүркітова. Маска бет пен эмоцияны жасырады. Десе де, суретші әркім өзінің бойындағы...