Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да Құрбан айт мерекесі қалай өтеді?

ШҚО-да биыл карантиндік шектеулерге байланысты айт намазы ашық аспан астында оқылады

Бас имамның айтуынша, Құрбан айт намазы Өскемен өңірінде 20 шілде күні таңғы сағат 7:00 де оқылады. Айт намаз оқылғаннан кейін құрбан шалынады.

- Биыл барлық қала, аудан мен ауылдарда Құрбан айт намазы далада оқылады. Осы орайда намазға келген тұрғындардан ара қашықтықты сақтауды және үйден шығарда дәрет алып, өздерімен бірге жайнамаз ала келулеріңізді сұраймыз. Сонымен қатар, маскалық режиімді сақтауымыз керек, - дейді Өскемен аймағы бойынша бас имамы Ермек Мұқатай.

Айта кетейік, QURBAN2021.KZ сайтынан құрбандық малға тапсырыс беруге болады.

- Малды сойып болғанан кейін ерікті азаматтар құрбанның етті жеткізіп беру жұмыстарымен айналысатын болады. Малды арнайы қасапшылар сояды, - дейді бас имам.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев тұрғындарды мерекеде жиналмауға шақырады.

- Құрбан айт кезінде барлықтарыңыздан карантин талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймын. Топ ортада немесе дәмханаларға топтасып жиналмаңыздар. Сонымен бірге, жылдағыдай қаланың қалтарыс жерлерінде жеке көліктерімен келіп, топтасып мал саудалауға тиым салынады. Арнайы бақылау тобы қаланың бүкіл жеріне тексеріс жүргізетін болады. Рұқсат етілмеген орындарда сойыған малдың етін таратуға болмайды. Ең маңыздысы қазіргі жағдайда бір біріңіздің үйіңізге қыдырып бармауларыңызды сұраймыз, - дейді Қанат Тұрдиев.

Следующая →