Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ұтыс ойынының жеңімпаздары анықталды

«Алдаспан» газеті ұйымдастырған лотереялық ұтыс ойынының жеңімпаздары анықталды

Естеріңізге саламыз, «Алдаспан» газеті өткен жылдың басылымға жазылу науқанында газетімізге бір жылға жазылып, бағалы ұтысқа ие болу мүмкіндігін ұсынған. Ұтыс шарты бойынша, жазылушы «Алдаспан» газетіне бір жылға жазылып, лотерея билеттерін алуға тиісті болды. Ұтыс ойындарының 10 қаңтар күні жүргізілетіні газетіміздің алдыңғы сандарында жарияланған.

- Газетке жазылып жүргеніме үш жылдай болды. Алғашқы сәттері екі-үш айдан жазыла бастадым. Кейін түрлі өзекті жаңалықтар жарияланып тұрғандықтан, бір жылға жазыла бастадым. Газеттің әр бетінен лайықты ақпараттар алып, керекті сұрақтардың жауабын табуға болатынына көзім жетті. Негізінен анда-санда шығып тұратын өлең-жырлар да көңілге қонымды дер едім. Шығармашылық еңбек пен ресми шаралардың бұлай алмасып тұруы басылымның ерекшелігін танытады, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны, тұрақты оқырман Советбек Балаубаев.

Ұтыс ойындарына тек қала тұрғындары емес, Зайсан, Аягөз, Ұлан, Жарма сынды ірі аудандардың тұрғындары қатысып, бақтарын сынап көрді. Өңіріміздегі санаулы басылымдардың бірі ретінде, газетімізбен алғаш танысып отырған оқырмандарымыз да жоқ емес. 

- «Алдаспан» газетіне алғаш рет жазылып отырмын, - дейді Бидана Садықова. - Газетке жазыла салысымен лотереялық ұтысқа қатысып отырғанымның өзі бақ па деймін. Тек қатысып қана қоймай, бүгін бірден ұтысқа ие болдым. Жалпы, қазақ газетінің мұндай белсенділігі де ерекше көрінеді. Бұрын-соңды мұндай шараларға қатысудың орайы келмейтін. Ұлттық газеттер мен ұйымдардың мұндай белсенділігі өлкеміз бен еліміз үшін тамаша жетістік.

Ұтысқа тікелей қатысушылардың арасында екі оқырман сыйлыққа ие болды. Екінші жеңімпаз Аягөз қаласының тұрғыны Айткәрім Кенжеғұлов № 059 билетпен сыйлық алды. 

Сондай-ақ «Алдаспан» газетінің ұжымы келесі нөмірлермен:
№006 – термопот
№002 – үтік
№023 – шәйнек
№031 – шампан ыдыстары
№026 – шәй жиынтығы
№029 – нан салғыш
№003 – тәрелкелер жиынтығы
№022 – салат салатын ыдыс ұтқан оқырмандардан редакцияға хабарласуларын сұрайды. 

Редакция мекенжайы: Өскемен қаласы, Мыза көшесі, 16/1 «Альшемали» СҮ, 5-қабат, 515-кеңсе, телефоны: 8 (7232) 20-88-89.
Следующая →