Усть-Каменогорск
ясно
+23°
  • Усть-Каменогорск
    +23°
  • Алматы
    +30°
  • Нур-Султан (Астана)
    +30°
  • Актобе
    +28°
  • Форт-Шевченко
    +24°
  • Атырау
    +26°
  • Караганда
    +29°
  • Кокшетау
    +26°
  • Костанай
    +23°
  • Кызылорда
    +39°
  • Павлодар
    +28°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +34°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +36°
$
519.57
+1.20
612.78
+2.81
¥
72.56
+0.25
6.61
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Он үш өңірде жалақы мөлшері төмен

Облыстың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі, құрылыс жұмыстарының артқандығын көрсетті

Бұл туралы ШҚО Статистика департаменті мәлімдеді. 

- Биылғы жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1094,5 млрд теңгені құрады, - дейді ШҚО Статистика департаменті басшысының міндетін атқарушы Назгүл Оразаева. - Өнеркәсіп өндірісі бойынша республикалық көлемнің 6,8 пайызын біздің облыс өндірген. 

Дегенмен, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,2 пайызға төмендеген. Сол сияқты сумен жабдықтау, канализация жүйесі, қалдықтарды жинау мен таратуды бақылау 3,8 пайызға кеміген. 

2017 жылғы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 303,5 млрд теңгені құрады. Сүт өндірудің үлес салмағы бойынша республика көлемінде облыс бірінші орынды, ет өндірудің үлестік салмағы бойынша екінші орынды иеленген. 

- Ірі қара мал үлес салмағы бойынша облысымыз Алматы облысынан кейін екінші, қой – төртінші, жылқы – бірінші орынды алады, - дейді Ауыл шаруашылығы статистикасын қалыптастыру басқармасының бас маманы Эльмира Рахимова. - Облыстың ірі қара малының жартысына жуығы Тарбағатай, Үржар, Аягөз, Зайсан және Жарма аудандарына тиесілі. Облыста мал мен құс өсірумен 193 кәсіпорын, бес мыңнан астам шаруа қожалығы және 96 мың жұртшылықтың жеке қосалқы шаруашылықтары айналысқан. 

Айта кету керек, биыл пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы саны 231,1 мың шаршы метрді құраған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 17 пайызға көп. Облыс бойынша тұрғын үйлердің 89,9 мың шаршы метрі жұртшылықпен іске қосылған.

- 2017 жылы жалпы алаңы 393,1 мың шаршы метрді құрайтын 906 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Олардың 769-ы тұруға арналған және 137-і тұруға арналмаған. Тұруға арналмаған обьектінің ішінде - 49 сауда, 19 ауылшаруашылық, 6 өнеркәсіптік, 3 оқу обьектілері тұрғызылған, - дейді Қаржы, құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасының бас маманы Ольга Покопцева.

 Көпшілікті қызықтыратын жалақы сұрақтары да статистика департаментінде тіркелген. Жалақы саралануы аумақтық бөлініске де тән, оған жекелеген өңірлердің өнеркәсіптік бағыттағы экономикасы әсер етеді. 2017 жылғы 2-тоқсандағы ең жоғарғы атаулы жалақы Риддер қаласында 144 717 теңгемен көрсетілген. 

- Курчатов қаласында – 140 775 теңге, Өскемен қаласындағы жалақы орта шамадан жоғары болып, 140 413 теңге, Глубокое ауданындағы жалақы 133 803 теңге және 85 634 теңге көлеміндегі ең төменгі жалақы Бесқарағай ауданында тіркелген, - дейді Ольга Покопцева. - 13 өңірдегі жалақы орташа облыстық деңгейден төмен қалыптасты. Бесқарағай, Тарбағатай, Катонқарағай, Күршім аудандарында еңбекақының төмен деңгейі сақталып қалуда.

Аталған аудандардағы орташа айлық атаулы жалақы орташа облыстық деңгейден 27-31 пайызға төмен болған. 
Следующая →