Усть-Каменогорск
ясно
+12°
  • Усть-Каменогорск
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +23°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыс кәсіпкерлеріне ескерту жасалды

Биыл тоғыз айдың ішінде жерді қолдануда өрескел қателік жіберген 560 кәсіпкерге ескерту жасалған

Егер бір жылдың ішінде бұл кәсіпкерлер қателіктерін жөндемейтін болса, жерлері тартып алынбақ. 

Жерді заңға сәйкес дұрыс пайдаланбаған кейбір кәсіпкерлерге айыппұл салынып, 14,6 млн теңге қаржы қазынаға түскен. Қателіктерді жөндеуге бұйрық алған кәсіпкерлердің көбі жерді жалға алғанымен, оны қолданбай бос қойған не мемлекеттік жерді өзінің жеке мақсатында пайдаланған. Мәселен, 49 жер телімі құрылыс нысандарын салуға алынғанымен, мұнда ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмеген. Ал Зырян, Үржар, Ұлан ауданындағы 334 жер телімі  демалыс базасы мен шағын үйлер салуға алынғанымен, бұл кәсіпкерлер де әу бастағы мақсатын орындамаған. 

Ал облысы әкімі Алакөл мен Сібе көлдері маңындағы жер телімдерін жіті тексеруге тапсырма берген. Нәтижесінде Сібе көлі бойында жалға алынып, бос жатқан 261 жер телімі, Алакөлден 100 жер телімі табылған. Сібедегі 2 жер телімі, Алакөлдегі төрт жер учаскісі тартып алынған. Ал жүзден астам жер теліміне қайта тексеру жұмыстары жүргізіледі. Егер мұнда да кәсіпкерлер немқұрайлық танытса, жер мемлекетке қайтарылмақ. 

Әсіресе, Бұқтырма бойындағы жер телімдерінің бос жатқандығы аңғарылады. Зырян ауданы әкімдігіне 433 жер телімінің бос жатқандығы жайында хабарланған. Бұл жер телімдері 2018 жылдың қыркүйек айына дейін заңнама қойған талаптарды орындамағаны үшін жер мемлекетке қайтарылатын болады. 

- Егер кәсіпкерлер бір жылдың ішінде заңға қайшы қателіктерін реттемейтін болса, жер мемлекет қазынасына қайтарылады. Әсіресе, Алакөл маңындағы жерлердің пайдаланылуына мән беру керек. Көлдің маңайы көркейіп келеді, турист қонақтар да көбеюде. Табыс табуға тиімді аймақтардың біріне айналды. Мемлекет қойған талаптарды орындамай, немқұрайлық танытқан кәсіпкерлердің жерін қайтарып, оны қайта сатылымға қою керек. Өйткені бұл жер телімдері екі жылдан кейін бірнеше есеге артық сатылатын болады, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Ендігі жылы Алакөлдің сол жағалауында абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін тағы да 500 млн теңгеден артық қаражат бөлу көзделіп отыр. Бұл қаржы бір жылдың ішінде игерілген соң, бұл туристік аймақ елге белгілі демалыс орнына айналмақ. 
Следующая →