Усть-Каменогорск
малооблачно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +25°
  • Нур-Султан (Астана)
    +18°
  • Актобе
    +32°
  • Форт-Шевченко
    +29°
  • Атырау
    +29°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +22°
  • Костанай
    +28°
  • Кызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +27°
  • Уральск
    +26°
  • Шымкент
    +30°
$
451.77
+2.01
485.97
+2.97
¥
62.28
+0.28
5.07
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шемонаихадағы сүт фермасы жөнделеді

Шемонаихада екі шаруа қожалығының мал ұстау орындары жөнделуде, тағы да екі сүт фермасын салу жоспарланып отыр

«Камышинское» шаруа қожалығы аудандағы ең ірі қожалық саналады. Мұнда 6700 ірі қара мал басы өсірілуде. Әрбір сауын сиыр жыл сайын 6600-6700 литр сүт беретін көрінеді. 

- Бұл - республикадағы ең үлкен көрсеткіштердің бірі, - дейді Шемонаиха ауданының әкімі Амангелді Жәмелұлы. 

Биыл «Камышинское» шаруа қожалығы Вавилон ауылдық округіндегі сүт фермасын қайта жөндеп, мал ұстау орындарына заманауи жабдықтар қоймақ. Бұған, шамамен, 450 млн теңге жұмсалмақ. Сүт фермасының жөндеу жұмыстары 2017 жылдың қараша айында аяқталады. 

Рулиха ауылындағы тағы бір 400 бас ірі қараға арналған сүт фермасының мал ұстау орындары жөнделіп жатыр. 

- Кәсіпкер өз қаражаты есебінен сиыр сауатын еуропалық жабдықтар мен пластик терезелер, сэндвич панель, цемент, швеллер, жылытқыш сатып алады. Сүт фермасының жөндеу, жабдықтау жұмыстарына барлығы 1,3 млрд теңге жұмсалмақ. Жұмыстар 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталады, - дейді аудан әкімі.
Следующая →