Усть-Каменогорск
ясно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +27°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +24°
  • Кокшетау
    +17°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +27°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +28°
$
510.06
-3.68
566.32
-2.85
¥
70.84
-0.42
6.32
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскемен - Шығыс Қазақстанның орталығы болып қала бермек

Өскемен қаласы өз статусынан айырылып, Семей қаласы облыс орталығы болады деген қауесет ел аузында бұрыннан бері қаузалып келеді

Тіпті, «жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды» деп күдіктің әлегінде әуреге түсіп жүргендер әлеуметтік желінің желкесінен бірақ шықты. Бұл ақпараттың жалған екендігін, тіпті, облыстық Ішкі саясат басқармасының растауына тура келді. 

-  Facebook, vkontakte әлеуметтік желілерінде, Whatsapp мессенджерінде Өскемен мен Семей қалаларының статусы ауысады деп таралған ақпарат шындыққа сай келмейді, - дейді ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Серік Жеңісов. - Естеріңізге саламыз Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес азаматтардың мұндай әрекеті қылмыстық құқықбұзушылық болып табылады.

ҚР ҚК 274-бабы 2-тармағы бойынша, БАҚ немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Осыған байланысты, әрбір азамат әлеуметтік желіде өз ойын, пайымын дәлелді түрде жеткізуі керек. Сондықтан күмәнді мәліметтің таралуына себеп болатын жағдайлар тудырмайық. Кез келген жағдайда ресми ақпараттарға сүйенген дұрыс. 
Следующая →