Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Алдаспан" газеті байқау жариялайды

Құрметті оқырман! Облыстық «Алдаспан» газеті оқушылар арасында байқау жариялайды

Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күніне орай облыстық «Алдаспан» газеті Өскемен қаласы мектептерінің 5-8-сынып оқушылары арасында «Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» тақырыбында шығармалар байқауын жариялайды.

Шығармалар байқауының мақсаты: Ұстаздар күні мерекесінің маңыздылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттай отырып, мектеп жүрегі – ұстаздың қоғамдағы рөлі мен мәртебесін көтере түсуге атсалысу. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, ынталандыру.

Байқаудың шарттары: 
- Байқауға 5-8-сынып оқушылары қатыса алады.
- Шығарма бұрын еш жерде жарияланбаған әрі басқа шығармалардан көшірілмеген болуы шарт.
- Шығарма тек қазақ тілінде жазылуы шарт және шығарма А4 форматында Times New Roman (14) қарпімен терілген, 1,5-2 бет көлемінде қабылданады.
- Шығармашылық жұмыспен қоса автор туралы қысқаша мәлімет (толық аты-жөні, мектебі, сыныбы, байқауға дайындаған жетекшісінің аты-жөні және байланыс нөмірі) ұсынылуы тиіс. 
- Бағалау 5-6 және 7-8-ші сыныптық жас ерекшеліктері бойынша екі номинацияда жүргізіледі. Сәйкесінше, бас жүлде - біреу, бірінші орын - екеу, екінші орын - екеу, үшінші орын - екеу.

Ескерту: 
- Байқаудың жеңімпаздарын анықтау конкурстық комиссияның (қазылар алқасы) шешімімен жүзеге асырылады.
- Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.
- Шығармалар 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.
- Марапаттау рәсімінің өтетін уақыты мен орны «Алдаспан» газетінде алдын ала хабарланады.

Шығармалар мына электронды поштада қабылданады: Aldaspan10@mail.ru
Редакция мекенжайы: Мыза көшесі, 16/1, «Альшемали» СҮ, 5-қабат, 515-кеңсе.
Байланыс телефондары: 8(7232)20-88-89, 8778-488-3131, 8705-148-8210.
Байқауға қатысып, «Алдаспан» газеті тағайындаған ұтыстың иесі бол!

                                                    Құрметпен, «Алдаспан» газетінің редакциясы


Следующая →