Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Аяулым Кенесова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

"Алдаспан" газеті байқау жариялайды

Құрметті оқырман! Облыстық «Алдаспан» газеті оқушылар арасында байқау жариялайды

Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күніне орай облыстық «Алдаспан» газеті Өскемен қаласы мектептерінің 5-8-сынып оқушылары арасында «Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» тақырыбында шығармалар байқауын жариялайды.

Шығармалар байқауының мақсаты: Ұстаздар күні мерекесінің маңыздылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттай отырып, мектеп жүрегі – ұстаздың қоғамдағы рөлі мен мәртебесін көтере түсуге атсалысу. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, ынталандыру.

Байқаудың шарттары: 
- Байқауға 5-8-сынып оқушылары қатыса алады.
- Шығарма бұрын еш жерде жарияланбаған әрі басқа шығармалардан көшірілмеген болуы шарт.
- Шығарма тек қазақ тілінде жазылуы шарт және шығарма А4 форматында Times New Roman (14) қарпімен терілген, 1,5-2 бет көлемінде қабылданады.
- Шығармашылық жұмыспен қоса автор туралы қысқаша мәлімет (толық аты-жөні, мектебі, сыныбы, байқауға дайындаған жетекшісінің аты-жөні және байланыс нөмірі) ұсынылуы тиіс. 
- Бағалау 5-6 және 7-8-ші сыныптық жас ерекшеліктері бойынша екі номинацияда жүргізіледі. Сәйкесінше, бас жүлде - біреу, бірінші орын - екеу, екінші орын - екеу, үшінші орын - екеу.

Ескерту: 
- Байқаудың жеңімпаздарын анықтау конкурстық комиссияның (қазылар алқасы) шешімімен жүзеге асырылады.
- Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.
- Шығармалар 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.
- Марапаттау рәсімінің өтетін уақыты мен орны «Алдаспан» газетінде алдын ала хабарланады.

Шығармалар мына электронды поштада қабылданады: Aldaspan10@mail.ru 
Редакция мекенжайы: Мыза көшесі, 16/1, «Альшемали» СҮ, 5-қабат, 515-кеңсе.
Байланыс телефондары: 8(7232)20-88-89, 8778-488-3131, 8705-148-8210.
Байқауға қатысып, «Алдаспан» газеті тағайындаған ұтыстың иесі бол!

                                                    Қ
ұрметпен, «Алдаспан» газетінің редакциясы
Следующая →