Усть-Каменогорск
облачно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +9°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығыс өңірінде 32 адам суға кеткен

Шомылу маусымы басталғаннан бері облыста 32 адам суға кетіп, қайтыс болған. Оның ішінде төртеуі - бала

Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бір адамға аз.

Бұған дейін қаңтар-маусым айларында суға кетіп көз жұмғандардың саны 19 болған еді. Алайда бір айдың ішінде қаза тапқандардың саны 13-ке көбейген.

- Соңғы бір аптаның ішінде 10 адамның өмірі қыршынынан қиылды. Батып кеткен 21 адамның денесін құтқарушылар судан алып шықса, 11 адамның мәйітін тұрғындар алып шыққан, - дейді Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Анатолий Рожков.

Суға батып кеткен 32 адамның үшеуі мас күйінде, 23-і жабдықталмаған орындарда суға шомылғанның, жүзе білмегеннің кесірінен қаза тапса, ата-аналардың жауапсыздығынан 4 баланың өмірі қыршын кеткен. Ал алты адам балық аулау кезінде, үш адам жазатайым оқиғадан қаза тапқан.

- Қауіпсіздік шаралары дұрыс жасалмағандықтан, адамдардың көбі жабдықталмаған орындарда суға кетіп көз жұмады. Құтқарушылар мұнарасы бар орындарда суға түсу керек, - дейді бас құтқарушы.

Анатолий Рожковтың сөзіне қарағанда, өзге республика аймақтарымен салыстырғанда Шығыс өңірінде су қоймалары көп, жағалау белдеулері ұзын. Ал мұндай өлшемді игеруге құтқарушылардың саны жетпейді.

- Облысымызда 2121 су қоймасы бар. Ал су жағалаулары мен қоймаларын күзету үшін 120 құтқарушы аздық етеді. Жергілікті атқарушы органдар Алакөл жағалауларына алты-ақ адамды құтқарушы етіп қойған. Ал жағалаудың ұзындығы - 9 шақырым. Әлемдік стандарт бойынша әрбір 200 метр сайын бір құтқарушы барлау жүргізуі керек, - дейді Анатолий Николаевич.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →