Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Кооператив құру ісі неге алға баспай тұр?

Қазақстан ауыл шаруашылығының үлкен бір мәселесі - бұл ұсақ шаруашылықтар.  Мұндай шаруашылықтар өз өнімдерін нарыққа өткізе алмай қиналады

«Жалғыздың үні шықпас» демекші, нәтижесінде жалғыз шаруаның өнімі өтусіз қалады.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан экономикасына түсетін кірістердің тек 15 пайызын ғана ауыл шаруашылық саласы құрайтындығын әрі бұл көрсеткіштің тым төмен екендігін айтқан болатын. Сол себепті Елбасы ауылшаруашылық өнімдерінің нарықта сатылуын күшейту үшін шаруалардың бірігіп еңбек етуін жолға қоюды міндеттеген еді.

Биылғы жолдауда ұсынылған 8 міндеттің бірі бұл ауыл шаруашылығы кооперативтерін көптеп құру болды. Соған байланысты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы аудандарда шаруашылық кооперативтерін құру жұмыстарын жүргізу жөнінде жоспар жасап, оны облыс әкімдігімен бірге бекіткен. Кейін оны аудандарға жолдаған.

Алайда алты айлық жұмыс нәтижесін қорытындылаған ауыл шаруашылығы басқармасы Елбасының өзі міндеттеп отырған басты жұмыстардың облыс өңірлерінде дұрыс жүргізілмегенін айтады.

- Жартыжылдық есеп бойынша, Күршім, Шемонаиха, Глубокое, Зырян, Бородулиха, Абай аудандары мен Семей, Риддер қалаларында ауыл шаруашылық кооперативтерін құру мен оларға шаруа қожалықтарын тарту жұмыстары салақ жүргізілген. Ал Күршім, Ұлан, Бородулиха аудандары мен Риддер қаласында маусым айының ішінде бірде-бір шаруашылық кооперативі құрылмаған, - дейді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков.

Басқарма басшылығы жұмыстардың дұрыс жүргізілмей жатуының басты себебі құрылған кооперативтердің мемлекеттік бюджет тарапынан да, қаржылық институттар тарапынан да дұрыс қаржыланбай отыруы дейді.

- Ал қаржыландырылмауға субсидия бөлу мен несие алуға қажетті құжаттардың дұрыс толтырылмауы, аудан әкімінің кәсіпкерлікті жүйелі дамытуға қатысты бас жоспарының болмауы әрі шаруашылықтардың субсидия алатындай ережелерге сай құрылмауы себеп, - дейді Қонысбай Қойшыбайұлы.

Десе де, ағымдағы жылдың мамыр айында ауыл шаруашылық кооперативтерін дамыту үшін 2 081 млн теңге шамасында бюджеттік несие мен 3 979 млн теңге сомасында қаржылық ұйымдар тарапынан несие бөлінген көрінеді. Алайда, бұл қаражат кооператив тарапынан әлі игеріле қоймаған.

- Биыл ауыл шаруашылығын қолдау қаржылық тобына несие алу туралы 77 өтініш келіп түсті. Бірақ, оның тек 4 өтінімі ғана мақұлданып, 14 150 мың теңге қаражат берілді. Ал «Аграрлы кредит корпорациясына» 71 өтініш келіп түскенімен, оның тек 5-уі ғана қанағаттандырылды. Сонымен, биыл шаруашылық кооперативтеріне берілген несиенің жалпы сомасы 288 685 мың теңгені құрайды, - дейді басқарма басшысы. - Өскемен мен Семей қаласы, Бесқарағай мен Шемонаиха ауданы өкілдерінен ешқандай да несие алуға өтініш келіп түспеді.

Басқарма аудандарды кооператив құру жұмыстарының дұрыс жүргізілмей жатқанын айтса, аудан әкімдіктері болса, басқарма жасап берген жоспардың көптеген кінәраттары бар екендігін айтады.

- Бізге жасап жіберілген басқарма жоспарымен келіспейміз. Өйткені кейбір мәселелер ескерілмеген. Мәселен, Риддер қаласы аумағында 3000 адам ғана ауылда тұрады. Оның ішінде 1000 адам экономикалық жағынан белсенді тұрғындар, өздерінің шаруашылықтары бар. Бұл шаруашылықтарда, шамамен, 6000-дай адам жұмыс жасайды. Ал жоспарда айына 30 кооператив құру туралы айтылған. Кооператив құруға өңірде адам саны жетіспейді. Бізге, керісінше, жұмыс жасайтын адамдар керек. Өйткені тұрғындардың барлығы жұмыспен қамтылған, - дейді Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов.

Шемонаиха ауданы әкімі болса, басқарманың аудан халқы мен оның жер көлемі жөніндегі мәліметтерді дұрыс ескермей жоспар құрғанын айтады.

- Біздің ауданда шаруашылыққа қажетті 140 мың га жер бар. Алайда ,оның барлығы жалға берілген, өз иелері бар. Кооператив құру үшін жер керек. Ал кооперативке біріккен шаруалар болса, бірінші кезекте жер сұрайды, - дейді Шемонаиха ауданы әкімі Амангелді Тоқтаров.

Ал Күршім ауданың әкімі болса, тұрғындардың кооперативке біріккісі келмейтіндігін айтады.

- 12 ауылдық округ бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халық кооперативтердің құрылатындығын біледі. Алайда, оған кіруге көбі құлықты емес. Өйткені, кооператив құрылған кезде, оған мүше болғысы келгендер жарна төлейді. Одан кейін, кооператив құрылған соң, бізді салық органдарына тіркелуді жүктейді. Ал салық органдарына тіркелгеннен кейін, бірден салық төлеу басталады. Әлі табыс таппаған шаруа қалайша табанақысын бірден салыққа төлесін. Мұның барлығы халыққа тиімді емес, - дейді Күршім ауданы әкімі Сейсенғазы Жұмағалиұлы.

Әкім, одан бөлек, құжаттарды реттестіру бойынша да көптеген мәселелердің бар екендігін жеткізді. Әдетте, несие мен субсидия алу үшін кооперативке кем дегенде 20 адам бірігуі керек.

- Оның үшеуі ғана кооператив мүшесі ретінде әділет басқармаларына тіркеледі де, қалған 17-і олармен бірігіп малдың еттерін саудаға шығара береді. Мұның да қаншалықты заңды екендігін ешкім дөп басып айтып бере алмайды, - дейді Күршім ауданы басшысы.

Кооператив құру міндеті биылғы жылдан бастап қана жүйелі атқарыла бастады. Сондықтан болса керек, міндетті жүзеге асырудың көптеген шикіліктері бар екендігі аңғарылады. Облыс әкімдігі отырысында болған бұл ойлар басқарма мен аудан басшылары арасындағы байланыстың әлі де дұрыс жолға қойылмағанын білдірсе керек. Қанша дегенмен, ауылдағы шаруа қожалықтарын біріктіру, оларды ірілендіру жұмыстары облысымызда жеткілікті деңгейде қолға алынбай отыр.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →