Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Шахмат» ойындарынан жарыс өтті

Елдің елдігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесін тең етіп өркендетіп, сондай-ақ, болашағын айқындап беретін жастайынан алынған тәрбие

 «Егер сен алдыңа бір жылдық мақсат қойсаң егін ек, бірнеше жылға мақсат қойсаң – ағаш отырғыз, ғасырларға мақсат қойсаң – ұрпақ тәрбиесімен айналыс», деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей, бүгінгі жас ұрпақтын бос уақытын тиімді өткізуге Үржар ауданының жастар орталығының мамандары мен Үржар аудандық орталық кітапханасының ұжымы бірлесе ат салысып «Шахмат» ойындарынан жарыс өткізді. Орталық кітапханың оқырмандар залында өткізілген шахмат сайысында Науалы, Ақжар, Үржар ауылының Тұрлыханов атындағы орта мектебінің оқушылары бақ сынасты.

- Бұндай жарыстар балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалды ой өрісін дамыта отырып, білімді жастарды тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отыр. Тәрбиеге сай ойындар алдағы уақыттада өткізілуі жоспарда бар, - деді Үржар ауданының жастар орталығының маманы Әділет Бауыржанұлы.

Жарыс қазіргі талаптағы шахмат ережесіне сәйкес өтті. Жүлделі орындарды иелеген командалар жастар орталығының мамандары тағайындаған бағалы сыйлықтармен грамоталармен марапатталды. Ойынды әділқазылық еткен тоғызқұмалақ спортын дәріптеуші зейнеткер ұстаз Қанат Мұхтарұлы болды. Ақыл-ой спорты ойынынан 4-орынды Еркежан Советханова еншілесе, 3-орынды Науалы ауылынан келген оқушы Айдана Бейсенова иеленді, ал Ақжар ауылынан келген Елдар Керимжанов 2-орынға табан тіреді. 1-орын жүлдесін Науалы ауылының оқушысы Дидар Қайырбеков қанжығасына байлады.

- Жарыс тартысты өтті. Қарсыластарымда өте мықты болды. Болашақта да осындай тартысты ойындар көп болса деп тілеймін, - деп 1-орын иегері Дидар Қайырбеков өз жылы лебізін білдірді.


Мөлдір Самалханова,

Үржар аудандық орталық кітапхана

Следующая →