Усть-Каменогорск
облачно
+24°
  • Усть-Каменогорск
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +9°
  • Актобе
    +10°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +5°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Аягөздік түлек ҰБТ-дан көш бастады

Биыл ҰБТ жаңа форматта өткені белгілі. Былтыр Ұлттық бірыңғай тестілеуден барлығы 5727 адам өткен болатын

Облыстық білім басқармасының болжамы бойынша ҰБТ-ға қатысушы түлектер саны 7120 адамды құрады.

- Біздің болжам бойынша 7120 бала қатысуы керек болған, - дейді ШҚО Білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Рауия Хаменова. - ҰБТ барысында барлығы 6239 адамның қатысқанын есепке алдық. Бұл қалыпты үрдіс, себебі кейбір түлектер ата-аналарымен ақылдасып, не олардың ақылы бойынша орта білім беру орындарына түсуді көздейді. Дегенмен, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. 

ҰБТ барысында тәртіп сақтамаған 4 бала сынақтан шеттетілді. Тестілеу жаңа форматта болғандықтан мектеп қабырғасында өтетін үрдіске толыққанды білім басқармасы жауап берді. Биылғы ҰБТ ерекшелігі де сол, жоғарғы оқу орнына түскісі келген балалар сол мекемеде тестілеуден өтеді. Мемлекеттік комиссия мүшелері де сол ортадан болды.

- Биыл облыс көлемінде ең жоғарғы 138 балды Аягөздің №2 орыс мектебінің оқушысы алды, - дейді Рауия Маратқызы. - Сол сияқты 137 балды Семей қаласы мен Абай ауданынан, 136 балды Өскемен қаласынан екі оқушы, 135 балды Үржар ауданынан, 132 балды Тарбағатай, Зайсан, Глубокое аудандарының оқушылары алды.

Биылғы барлық ҰБТ қорытындысының орташа көрсеткіші республикалық Ұлттық тестілеу орталығымен бекітіледі. Облыс бойынша барлығы ҰБТ-ны қазақ тілді 4649, орыс тілді 1590 бала тапсырған.

Авторы: Айдос Мырзахметов

Следующая →