Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Биыл ШҚО-да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1000-нан аса салымшысы қоныс тойын тойлата алады

Қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін халыққа кредит беру нарығында көш бастап тұр. Оны  статистикадан көруге болады

- Ағымдағы жылы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі іске асырып жатқан барлық тұрғын үй құрылыс  бағдарламалары аясында, өз үйіне, жекеменшік пәтеріне 1 142  салымшы қол жеткізе алады. «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту бағдарламасы бойынша 559 адам, ал, тұрғын үй құрылысының  «Жайлы тұрғын үй» өңірлік бағдарламасы бойынша  - 450 салымшы, банктің «Өз үйім» бағдарламасы бойынша - 133 өңір тұрғындарына өз үйлерінің кілті табысталатын болады, - дейді Рауан Баяш .  

Оның айтуы бойынша, «Нұрлы жол» бағдарламасының  тұрғын үйге қолжетімді бағадан басқа басты ерекшелігі – жылдық 5 % көлеміндегі кредит бойынша жеңілдігі бар сыйақы мөлшерлемесі болып табылады (ЖТСМ 5,6%). Бірақ, тұрғын үй бағасының 30% көлеміндегі сомасын жинақтау немесе депозитке салу сияқты міндетті талаптар да бар.

Қазіргі уақытта «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 360 пәтерге арналған    екі көппәтерлі тұрғын үйлердің  құрылысы жүріп жатыр және 2018 жылы іске асырылады деп жоспарлануда.

Мемлекеттік бағдарлама талабына келмейтін салымшылар үшін Шығыс-Қазақстан облысында  тұрғын үй құрылысының «Жайлы тұрғын үй» өңірлік бағдарламасы   әрекет етеді. Оның басты ерекшелігі – салымшының жекеменшік тұрғын үйі болуына шектеу қойылмайды.

- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өңірлерде «Өз үйім» бағдарламасының жекеменшік бағдарламасын да іске асыра бастады. Өз уақытында оны  тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін, тұрғын үйді одан сайын  қолжетімдірек етуге, халықтың қалың жігінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндігін арттыруға  көмектесетін  банк әзірлеген болатын. Бағдарламада, сондай-ақ, меншігінде үйдің болуы немесе болмауына шектеу жоқ. Бағдарламаның қосымша ерекшелігі   тұрғын үй бағасының  30%-ы депозитінде жинақталған кезде  заем алу мүмкін болып табылады, - деп түсіндірді облыстық филиал директорының орынбасары.

Қазіргі кезде, «Өз үйім» бағдарламасы бойынша  2018 жылы іске асыру жоспарланып отырған жобалар да бар, ол бойынша 876 пәтер банк салымшыларының арасында   арнайы баға және кредит беру талаптары бойынша бөлінеді.

Тұрғын үй  бағасының 50%-ын жинақтаған немесе өз депозитіне енгізген банктің салымшылары тұрғын үй бағдарламаларына қатыспай-ақ  орта нарықтағы тұрғын үй мүлігін сатып ала алатындығын Баян Рауаш еске сала кетті.  

2018 жылы банктің Шығыс-Қазақстандағы  филиалы  1200 пәтерді іске қосуға ниетті. Филиалдың дайын жобалары мен қол қойылған келісімдері де бар екен. Жаңалықтар мен науқандар туралы банктің hcsbk.kz сайтынан немесе ҚТҚЖБ-ның Facebook, ВКонтакте және  Instagram (zhilstroysberbank_official) ресми парақшаларына жазылу арқылы біле аласыздар

Байланыс ақпараттары : 

Өскемен қ., Головков к-сі, 25/1, 8 708 440 26 32, (7232) 40 26 32,

Өскемен қ., Михаэлис к-сі , 2, (7232) 75 39 70,

ШҚО, Аягөз қ.,  Дүйсенов к-сі, 102/2 (72237) 33334.

Следующая →