Усть-Каменогорск
облачно
-8°
  • Усть-Каменогорск
    -8°
  • Семей
    -13°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -12°
  • Астана
    -9°
  • Актобе
  • Актау
    +4°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -11°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -4°
  • Кызылорда
  • Павлодар
    -15°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +7°
  • Уральск
  • Шымкент
    +6°
$
498.09
-4.51
577.34
-12.61
¥
72.19
-0.84
6.41
-0.09
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қабанбай батыр-Жалаңашкөл жолы жөнделмек

Биыл Үржар ауданындағы Қабанбай батыр ауылы мен Жалаңашкөл  аралығында автокөлік жолы жөнделетін болды

Бұл жолдың жөнделмегеніне 30 жылдай уақыт болған еді.

- Біз биыл Қабанбай батыр ауылы мен Достық бекеті аралығындағы жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл - маңызды жұмыс. Нәтижесінде Алматыдан келген қонақтарымыз Үржар ауданындағы шипажайларға келе алады, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының сөзіне қарағанда, жөнделетін жолдардың әлеуметтік маңызы мен мақсаты айқын болуы тиіс. Әсіресе, халықтың жүріп-тұруына қажетті жолдар жөнделуі тиіс. Былтырғы жылы 40 жыл бойы жөндеу көрмеген Ақсуат-Аягөз бағытындағы жол жөнделіп, халықтың пайдалануына берілген болатын.

- Біз қырық жыл бойы жөнделмеген жолды жөндедік. Халық басында сенбеді. Алайда жолды салған соң, олардың сенімдерді өзгерді. Ұзақ уақыт жөндеу көрмеген жолдарды да жөндеуге болатындығын дәлелдедік. Ой салдық, - дейді Даниал Ахметов.

Егер Қабанбай ауылы мен Жалаңашкөл аралығындағы жол жөнделетін болса, алматылық қонақтар емдік орындарға небәрі 40 минутта жететін көрінеді. Жалаңашкөл суы емдік қасиеті жоғары шипалы көл саналады.

Авторы: Қымбат Слямбеков 

Следующая →