Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шомылу маусымына әлі дайын емеспіз

Облысымызда суға кетіп қайтыс болатындардың саны азаймай тұр. Оның үстіне, Өскемен қаласындағы жағажайлар да шомылу маусымына дайындалмаған

Облыста 2016 жылдың 1 шілдесі мен 30 тамызы аралығында, яғни, шомылу маусымы кезеңінде барлығы 42 адам қаза тапқан. Оның 8-і бала (18 жасқа дейінгі) болса, қалғандары 19 жас пен 49 жас арасындағы ересектер. Ал құтқарушылар 24 адамды құтқара алған, оның ішінде 2-уі бала.

2015 жылы барлығы 68 адам суға кетіп мерт болса, оның 49 қайғылы оқиғасы шомылу маусымында орын алған.

- Былтырғы жыл 2015 жылға қарағанда біршама салқындау болғандықтан, суға шомылушылар аз болды. Сол себепті де 2016 жылы суға кетіп қаза болғандардың саны біршама азайды, - дейді Өскемен қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Валентин Литвиненко.

Ал 2017 жылдың мамыр айының соңына дейін 5 адам суға кетіп қаза тапқан.

- Жыл сайын облысымызда 50-70 адам суға кетіп, өмірі қыршыннан қиылады. Мұндай статистика жыл сайын қайталанады. Тұрғындарымыз бейбіт заманда қолына қару алмай-ақ қаза болып жатыр. Былай қарасаңыз, екі әскери взводтың сарбаздары, - дейді бас құтқарушы Анатолий Рожков.

Қайғылы жағдайдың орын алуының бірнеше себебі бар. Алғашқы әрі басты себебі - адамдардың жабдықталмаған жағажайларда шомылуы. Былтыр болған 42 қайғылы оқиғаның 31-і (60%) жабдықталмаған жағажайларда орын алған. Яғни, мұндай жағажайларда арнайы құтқару тобы, адамдардың шомылуына қажетті ескертпе-белгілер жоқ.

Одан бөлек, балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін 7 адам қаза тапқан. Суға батып қаза тапқан адамдардың 70%-ы мас күйінде суға шомылған. Ал балалардың суға батып кетуіне ата-аналардың балаларына дұрыс қарамауы, назарда ұстамауы себеп болған. Адамдардың бейбіт күнде қауіп-қатерге ұшырауы өз өміріне немқұрайлы қарауы мен жағажай орындарының жергілікті атқару орындары тарапынан дұрыс қадағаланбауы себеп болып отыр.

Бас құтқарушының айтуынша, өзен-көлдердің жағалауында заңнамалық негізде бақылау мен қадағалау жоқ.

- ҚР «Әкімшілік кодексінің» 412, 364 және 643-баптары жүзеге асырылмай жатыр. Мәселен, жол-патрульдік полиция қызметкерлері ережені бұзған жүргізушіге айыппұл салу арқылы оның жолын кесе алады. Көліктік бақылау инспекциясы да тәртіп бұзған жүргізушіні жазалай алады. Ал бізде мұндай мүмкіндік жоқ. Арнайы әзірленбеген жағажайларда шомылған адамдарды жазалау арқылы олардың тағдырына ықпал ете алатын едік, - дейді Анатолий Рожков.

Жағажайлардың көпшілігі қоғамдық орын емес. Ол қоғамдық орын болмаған соң, табиғатта өз еркімен демалуға келген адамға қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл салу да қиындық келтіреді. Жергілікті атқару органдары жарамсыз жағалауларға ескерту белгілерін қоймайды, ал жағажай иелері өз алаңында тазалау жұмыстарын жүргізбейді.

- Қала аумағында үш жерде ғана суға түсуге рұқсат берілген. Оның біреуі ғана қазіргі уақытта адамдарды қабылдауға дайын. Енді бірі аптаның соңына дейін тазалау жұмыстарын жүргізетінін айтты. Ал үшіншісі мүлдем тазаланбаған, құмы лас, сынған шыныларға толып кеткен, суы лай, - дейді Валентин Литвиненко.

Одан бөлек, облысымызда ресми тіркелген 339 демалыс базасының тек 52-і ғана тексерістен өткен. Ал қалғандары туралы еш мәлімет жоқ. Тексерілген демалыс орындарының кейбірінің құтқарушылары жоқ болып шыққан.

- Әрбір демалыс орнында, жоқ дегенде, екі құтқарушы қызмет етуі керек. Жағажайлар мен демалыс орындарының барлығы жекеменшік иелікте болған соң, олардың кейбірі тәжірибесіз құтқарушыларды жұмысқа алады, - дейді Анатолий Рожков.

Қалай дегенмен, шомылу маусымы басталмай жатып, жағымсыз жаңалықтар тіркелуде.

Қымбат Слямбеков 

Следующая →