Усть-Каменогорск
пасмурно
-37°
  • Усть-Каменогорск
    -37°
  • Семей
    -30°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -22°
  • Астана
    -32°
  • Актобе
    -19°
  • Актау
    -3°
  • Атырау
    -8°
  • Караганда
    -30°
  • Кокшетау
    -37°
  • Костанай
    -22°
  • Кызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -32°
  • Петропавловск
    -31°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +4°
  • Уральск
    -14°
  • Шымкент
    +4°
$
501.75
+0.49
591.96
+1.58
¥
73.35
+0.38
6.52
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Инватакси мәселесі шешімін таппақ

<p align="justify">      Шығыс өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «инватакси» мәселесі екі жыл болды шешімін таппай келеді </p>

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Инватакси мәселесі шешімін таппақ
Фото:
express-k.kz

Облысымызда мүмкіндігі шектеулі жандардың тасымалына арналған 8 инватакси бар. Оның төртеуі Өскемен қаласында және төртеуі Семей қаласына тиесілі. Бірақ таксидің бар болғанымен, мүгедек жандардың оған жету мәселесі қиындық туғызып отыр.

- Көпқабатты үйлерден мүгедектер өз еріктерімен шығып-түсе алмайды. Сондықтан оларға өздерін шығарып, кіргізетін, демеу болатын кісі жалдауға да тура келеді, - деді қоғамдық кеңес отырысына қатысушылардың бірі.

Бұл мәселені «Алтын-ай» мүгедектерге арналған қоғамдық бірлестігінде де бұл мәселені екі жыл болды көтеріп отырған көрінеді.

- 2 жыл болды бюджетті жоспарлаған кезде біз қосымша жұмысшы лауазымының қажет екенін көрсетеміз. Алайда ол жыл сайын қысқартылып қалады, - деді «Алтын-ай» мүгедектерге арналған қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мағиза Мирвазетдинова.

Алайда мүгедектерге инватаксиге жетуге демеу болатын қосымша жұмысшы жалдауға ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қаражат жоқ екен.

- Облысымыздың бюджетінде миллиардтаған қаражат бар болса, мүгедектерге демеу болатын екі қосалқы жұмысшыға 1-2 миллион теңге біздің бюджеттің азайып қалуына қатты әсер етпейді. Өз бастарыңда ондай қиындық болмаған соң сіздер, әрине, мүмкіндігі шектеулі жандарды түсінбейсіздер. 2 жыл бойы көтеріліп келе жатқан мәселені шешпегендерің қалай? - деді облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк.

Қоғамдық кеңес отырысында Владимир Головатюк инватаксилерге қосалқы жұмысшылар лауазымын ашып қана қоймай, олардың қалай санын көбейту керектігін және әр ауданда қажеттілігіне қарай 1-2 инватаксиден болу керектігін дөп басып айтты. 

Следующая →
Только самое важное в нашем Telegram-канале
Темы: Инватакси мәселесі шешімін таппақ