Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өзіңіздің тұтынушы құқығыңызды біле жүріңіз!

Тұтынушылар кез келген дүкенде, сауда үйі мен базарда тауардың бағасын, сапасын және өзге де келеңсіздіктерді фотоға түсіруге құқылы

Бүгінде әрбір екінші дүкеннің ішінде фото және видеоға тыйым салынады деген ескерту қағаздары ілініп тұр. Алайда Тұтынушылардың құқығын қорғау заңы бойынша фото және видеоны кез келген сатып алушы жасай алады. 
- 2016 жылдың сәуір айында Тұтынушылардың құқығын қорғау заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, кез келген тұтынушы фото және видео түсіруге құқылы. Әрине, әр дүкеннің ішкі заңдылықтары, тәртіптері болады. Алайда бұл тәртіптер Қазақстан Республикасының Заңынан биік емес, - деді ШҚО Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің маманы Алена Кравченко.
Егер тұтынушы дүкен сөресінде мерзімі өткен, сапасыз, не өзге де келеңсіздіктері бар тауарды көрсе, оны суретке түсіріп алып Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне шағымдана алады. Ал сіз түсірген фотосурет негізгі ақпарат көзі ретінде қаралады. 
- Егер бізге нақты фото дәлелі бар ақпарат келсе, біз бұл фотосуреттерді фотодәйек ретінде құжаттардың ішіне қосып аламыз. Ал егер өнімнің сапасыздығы үй жағдайында байқалса, онда фотосуретпен қоса, түбіртекті де көрсету қажет, - деп қосты Алена Владимировна.
Следующая →